Үкімет былтыр қолға алған 10 ұлттық жобаны толық қаржыландыра алмады

Жарияланды
43 пайызына қаржы жетпеген

2021 жыл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзгеруімен: мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшумен ерекшеленді. Үкімет былтыр күзден бастап 10 ұлттық жобаны іске асыруға кірісіп, олардың басым бөлігін бюджеттен қаржыландыру жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, бұл іске асқан жоқ. 43%-тен жоғары толық қаржыландырылмаған.

Бұл туралы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі бойынша Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова мәлімдеді.

Ал ең маңызды міндеттерді тиімді шешу үшін толық көлемде қаржыландыру қажет. Есеп комитетінің басшысы ұлттық жобаларды нақты қаржылық мүмкіндіктерге қарай түзеткен жөн деп тұжырымдайды.

Сондай-ақ оқыңыз