Қаржы пирамидасын жарналамағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды

Миллиондаған айыппұл арқалап немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыс деп танылып, пирамида құрғандар үшін жауапкершілік күшейтілді. Бүгін Сенат депутаттары қаржы пирамидаларымен күрес мәселесіне қатысты заңдарды екі оқылымда қабылдады.

 Олар – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заң.

Сенат Төрағасы қазіргі таңда қаржы пирамидалары қоғамдағы ең өзекті проблемалардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан ол қаржы алаяқтығымен күресте қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызы зор екенін айтты.

«Қабылданған заңдарда қаржы пирамидаларының жарнамасын қылмыс деп тану және оларды құрып, басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделген. Бұл заңдар азаматтарды заңсыз қаржы және инвестиция жобаларына тартудан қорғауды күшейтеді. Сондай-ақ жаңа нормалар қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар