Jusan Invest бағалы қағаздар нарығын қалай тартымды ете түсті?

Жарияланды
5 шілде күні кезекті KASE Talks өтті
Фото: Офелия Жакаева

Жеке инвесторлардың белсенділігі пандемия өршіп тұрған кезде-ақ артқан еді. Соған орай қазақстандық қаржыгерлер азаматтардың сұранысына үн қатты. «Jusan Invest» АҚ басқарма төрағасы, инвестиция және қаржы сарапшысы Максим Кабанов оларды сипаттай келе, елімізде қаржыны ұзақ мерзімді инвестициялау мәдениеті қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Бұл көз қуантарлық жайт.

«Пандемия кезінде көп адам жинауға болмайды деген талап қойылғандықтан, клиенттеріміз нарықтағы заманауи трендтерді біліп отыруы үшін, олармен видеоконференция форматында тығыз жұмыс істедік. Оларды нарықта жалғыз қалдыруға болмайтын еді» дейді Максим Кабанов.

Қаржыгер Қазақстанда компанияның болашақ клиенттері депозит сынды неміс моделіне құрылған қаржы құралдарына көп мән беретінін айтып өтті. Ал инвестициялық қор нарығына тек алдап, ақша суырып алуды ғана ойлайтын, алаяқтардан ақша ұту мүмкін емес казино сынды қарайды. Тіпті қаржы пирамидаларымен шатастыратындар бар.

«Инвесторлар өте сақ, секемшіл еді. Ең бірінші қор нарығы деген өте қиын құрылым емес екенін түсіндіруіміз керек болды. Екіншіден, лицензиясы бар кәсіби мамандармен жұмыс істей отырып, олар қате қадам мен түсініспеушіліктің алдын алады. Үшіншіден, қор нарығында, расында табыс табуға болады, әсіресе ұзақ мерзімді инвестиция салғанда, сіздің ақшаңыз инфляцияны басып озып, кіріс алып келеді» дейді Максим Кабанов.

Фото: Jusan

Сарапшы сонымен қатар базалық мөлшерлемені көтеру мен эмитенттер қатары қысқаруының өзара байланысы туралы айтып өтті. Қаржыгердің пікірінше, бұл борыш нарығына әсер етеді.

«Егер, алдағы бір жыл ішінде арзандайтынын, сәл күте  тұрса, ұзақ уақытқа және арзандау алатынын білсе, компанияға дәл бүгін қарызға кірудің қажеті қанша? Базалық мөлшерлеменің артуы акционерлік капиталға да әсер етті.  Нарықта айтарлықтай арзандауына байланысты, оны ешкім қымбатқа сатып алмайды. Қазақстандық эмитенттер нарыққа енді ғана қадам басты. Көптеген компаниялардың өз акциялары мен облигацияларын қор нарығына шығаруға, жеке инвесторлардан капитал тартуға мүмкіндігі бар. Мұны делдал арқылы емес,  банктер арқылы жасауға болады. Біз ұсынып отырған балама жол бар. Бұндай жаңалықтарға эмитенттер әзірге үрке қарап, ықылас танытпай отыр, алайда бүкіл әлем осы бағытта дамып жатқанын түсіну керек» деп атап өтті қаржыгер.

KASE Talks-тағы диалог барысында брокерлердің жұмысы мен брокер клиенттерге қызмет көрсетуге қандай дәрежеде көңіл бөлуі керегі де талқыланды.

 «Егер сіз өз қаржыңызды басқарғыңыз келсе, онда сізге брокер лицензиясы не үшін қажет? Брокер – клиент басты назарда болуы керек априори қызмет. Иә брокер, мәселен, VIP сегментіне қызмет көрсетіп, дәл осы бағытта өз өнімдерін ұсына алады. Сондай-ақ, бұқаралық нарыққа арзан қызмет көрсететін диконт-брокерлер де бар,– деді Максим Кабанов.– Осы сегменттерді біріктіруге болады – Jusan Bank-пен тығыз жұмыс істей отырып, бұл модельді қолға алып, жүзеге асырып жатырмыз. Банктің клиенттік базасы өте үлкен, ал біз  бүкіл клиентке балама қызмет көрсетеміз. Компания тобының клиенттері банк, ивестиция, сақтандыру салаларындағы бүкіл өнімдерімізді пайдалана алатындай синергия іздейміз. Осы мақсатта Jusan Super App қосымшасын жасап шығардық. Ол жерден осы қызметтің бәрі табылады» деді ол.

Қаржыгер  қор нарығында кез келген дағдарыс (пандемиямен байланысты, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты) мүмкіндіктер уақыты екенін айтып өтті. Құлдыраудан соң өрлеу болары анық, алайда инвестиция деген – үлкен тәуекел екенін естен шығармаған абзал дейді сарапшы.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 1 маусымында балалардың қаржылық сауатын арттыруға арналған әлеуметтік жоба  басталады. Атап айтқанда, Jusan Junior қосымшасында балаларға нақты уақыт режимінде ақшаны  басқару мен ерте жастан сауатты қаржы әдеттерін қалыптастыруға үйретеді. Қолданба баланың қаржылай тәуелсіздікке алғашқы қадамдарын мүмкіндігінше ерте жасай бастауы үшін, ата-анасының  қадағалауымен шот ашуына мүмкіндік береді. Маманның айтуынша, қосымша 10-16 жас аралығындағы балаларға арналған.

Сондай-ақ оқыңыз