Ұлттық банк белгіленген теңге бағамына көшуді қарастырып отырған жоқ

ҰБ ұстанымын төраға орынбасары Әлия Молдабекова айтты

Ұлттық Банк  белгіленген теңге бағамына көшу мәселесін қарастырып отырған жоқ. Бұл туралы ҰБ төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

Спикердің айтуынша, өткен жылдар тәжірибесі көрсеткендей, белгілегн бағам саясаты қысқа мерзімді тұрақтылық елесін қалыптастырады. Оны ұзақ уақыт бойы жасанды жолмен ұстап тұру алтынвалюта резервтерін жұмсау есебінен ғана мүмкін. Нәтижесінде бұл ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келеді.

«Өз кезегінде, теңгенің еркін өзгермелі бағамы сыртқы ортаның өзгерістеріне бірден ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды, сондай-ақ елдің алтынвалюта резервтерінің сақталуына ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық Банк тіркелген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды» делінген ҰБ таратқан хабарламада.

Айта кетейік, маусым айында ұлттық валюта 13 пайызға құнсызданды.  

Қазақстан 2015 жылдың тамыз айында еркін құбылмалы айырбас бағамына өткен болатын. Бұл күні қор биржасында доллар бағасы 197,9 теңгеден 255,8 теңгеге дейін көтерілді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар