Қазақстанның биыл жеті айдағы жалпы ішкі өнімі 3,3 пайызды құрады

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі хабарлады

2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,3 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Нақты секторда өсіп жоғары болса, қызмет көрсету саласындада біршама өсім бар.

«Нақты сектордағы өсім 3,4%-ды құрады. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,5%-ға дейін өсті. Өнеркәсіп салалары ішінде құрылыс, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қойма шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі салаларында оң өсім байқалады. Негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқынының 4,5%-ға дейін үдеуі байқалады», – деді Қуантыров.

Мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруға тартылған инвестиуция– 99,2%-ға, білім беру – 74,8%-ға, сауда – 26,4%-ға, жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар – 19,9%-ға, қаржы және сақтандыру қызметіне – 17,3%-ға, құрылыс саласына салынған қаржы 14,8%-ға өсті.

«Өңірлік тұрғыда ең жақсы көрсеткіштер Шымкент пен Алматы өалаларында, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстарында байқалады. Ұлытау, Абай, Атырау және Қарағанды ​​облыстарында төмендеу тіркелді», – деді министр.

Сондай-ақ, ол биыл қаңтар-маусым айларында 39,4%-ға өсіп, 63,7 млрд долларды құраған сыртқы сауда айналымы мәселесіне тоқталып өтті. Соның ішінде экспорт көрсеткіші 56,3%-ға өсіп, 42,2 млрд долларды құраған. Тауар импорты 21,5 млрд долларды құраған.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар