Қазақстандықтар қай елдерден баспана сатып алып жатыр?

Жарияланды
Жылжымайтын мүлік бөлімінің редакторы
Үздік үштікке Түркия, Испания және Грузия кірді

2022 жылдың І жарты жылында қазақстандықтардың шет елдерден жылжымайтын мүлік сатып алу белсенділігі 15%-ға өскен. Шетелден баспана сатып алу үшін көбіне таңдайтын мемлекеттер өзгерген жоқ. Былтырғыдай, үздік үштікке Түркия, Испания және Грузия кіріп тұр. Prian.ru порталындағы шетелдік жылжымайтын мүлікке деген сұраныс статистикасынан осындай байлам жасауға болады.

Жылжымайтын мүлік сатып алардағы басты критерий – арзан баға мен оған жету қолайлығы болып тұр. Сол себепті қазақстандықтардың таңдауы көбіне Түркияға түседі. Испания мен Грузия рейтингтегі орындарды ауыстырып, үштіктегі өз позицияларын сақтап қалды.

Қазақстандықтар баспана сатып алатын шет елдердің үздік ондығына Түркия, Испания, Грузия, Болгария, Черногория, Греция, Италия, БАӘ, Германия, Финляндия кірген.

Отандастарымыз Болгария, БАӘ, Италиядағы жылжымайтын мүлікке де тұрақты қызығушылық танытып отыр. Бұл елдер отандастарымыздың ғана емес, сонымен қатар ТМД елдері тұрғындарының арасында да ең танымал ондыққа кіреді. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша екі жаңа ел – Грекия мен Черногория қазақстандықтар үшін танымал бағыттардың ондығына енген.

Олар бірден рейтингтегі айтарлықтай жоғары орынға  – бесінші және алтыншы сатыға жайғасып, алғашқы ондықтан Доминикан Республикасы мен Словенияны ығыстырып шығарды.

«Белгілі бір елге деген сұраныс оның географиялық орналасуы және бір ел азаматтарының басқа елге қаншалықты оңай жете алатынымен анықталады. Мысалы, ресейліктер Финляндиядан, украиндықтар Болгариядан, Қазақстан азаматтары Түркиядан жылжымайтын мүлік көп сатып алған. Екінші фактор – қаржы. Қымбат емес жылжымайтын мүлікке әрқашан қызығушылық жоғары. Міне сондықтан Болгария, Түркия, Черногорияның рейтингтегі орны жоғары», – деп түсіндіреді рейтинг авторы, Prian.ru бас редакторы Филипп Березин.

Сондай-ақ оқыңыз