Жаңалықтар

Қазақстанда оқу жылы басталды

Биыл 3,7 миллион бала мектепке барды

1 қыркүйекте еліміздің мектептері мен колледждерінде жаңа оқу жылы салтанатты түрде ашылады. Биыл 3,7 миллион бала мектепке барса, оның ішінде 400 мыңға жуық кішкентай қазақстандық бірінші сыныпқа барады. Олардың ата-аналарының 70 пайызы оқытудың мемлекеттік тілін таңдаған.

Енді оқу жылы екі аптаға ұзағырақ болады. Бұл ретте үш ауысымдық оқудан басқа мектептер бес күндік оқуға көшеді.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан халқын оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Сіздерді 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бұл – ерекше эмоцияларды тудыратын мереке, өйткені бәріміз де оқушы болдық және осы күні ұмытылмас мектеп жылдарын еске аламыз. Бұл – бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке », – деп жазды Аймағанбнтов әлеуметтік желіде.