Банктер бизнеске арналған мобайл банкингті қалай дамытып жатыр?

Жарияланды (жаңартылды )
Мобайл банкинг әлі де интернет-банктің «көмекшісі» болып тұр

Ресейлік банктерден клиенттердің ағылу және көрші елден келген кәсіпкерлердің қатары артуына байланысты, банк саласында жаңа клиент үшін бәсекелестік өршіп келеді. Алайда, қазіргі кезде бұл күрес банктердің әдемі филиалдарында емес, мобайл банкингтерінде жүріп жатыр. Осы орайда «Курсив» қазақстандық ойыншылардың цифрлық кеңістікті қаншалықты белсенді игеріп жатқанын және кәсіпкерлер олардан қандай шешім күтетінін анықтау үшін ТМД елдеріндегі мобайл банкингтерді зерттейтін Markswebb консалтинг компаниясының арнайы зерттеуін талдап көрді.

 Қазіргі кезде қазақстандық банктер кәсіпкерлерге арналған  мобильді экожүйел құрудың бастауында ғана тұр. Дегенмен Markswebb сарапшылары олардың қосымшалары қазірдің өзінде заманауи дизайнға ие және есеп айырысу шотын басқарудағы негізгі міндеттерін оңай жүзеге асырады деген пікірде: төлем жіберу, қалған ақшаны бақылау, үзінді көшірмені қалыптастыру т.б. Нарық қатысушыларының болжамы бойынша,  мобайл банкинг ШОБ сегменті үшін толыққанды жеке арнаға айналмақ. Оны пайдаланушылар қатары жаңа клиенттер есебінен күннен күнде толығып отырады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда жаңа кәсіпкерлер саны артып келеді.  Биыл жыл басынан жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіп субъектілерінің саны 12,7%-ға өсіп, 1 қыркүйекте  1,6 миллионнан асқан. 

Қаншалықты ыңғайлы?

Markswebb сарапшылары қазақстандық нарықта бизнесті жүргізуге арналған  ыңғайлы және тиімді мобайл қосымша қызметін ұсына алатын, болашағы зор  ойыншылар бар деп  пайымдайды. Клинеттердің сұранысына қай банк толық жауап бере алатынын анықтау үшін компания Jusan Bank, Halyk Bank, Центркредит банкі, Kaspi Bank, ForteBank сынды  банктердің кәсіпкерлерге аналған мобайл банкингін зерттеген.

Банктердің кәсіпкерлерге қалай қызмет көрсететін екі негізгі бизнес-модельде сынап көрген: қарамағында қызметкерлері бар жеке кәсіпкер мен қызметкері жоқ кәсіпкер.

Қызметкері жоқ жеке кәсіпкер үшін ең тиімді банкингті анықтау үшін жеңілдетілген салық жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкердің портреті пайдаланылды. Ол салық мен жарна есептеу жүйесін, есеп-қисап пен құжат айналымын белсенді қолданады. Кәсіпкер эквайринг пайдаланып, валюталық бақылаудан өтеді. Ол валютада төлем жасамайды, бизнеске берілетін несие мен депозиттерді аса керек қылмайды. Корпоративтік картаны да өзі  үшін ашқан.

Зерттеу барысында  үздік үштікке Jusan Bank (41,4), Halyk Bank (36,7) және ForteBank (34) кірді.  Бағалау жеке кәсіпкер мобильді банкингте өз қаржысын басқаруға қатысты барлық шаруасын  қаншалықты толық және ыңғайлы шеше алатынын байқатады. Бұл банктерде есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін пысықталған функционал ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерге қажетті дамыған платформа мен өнімдер бар.

Мобайл банкингтің ЖШС немесе ЖК қызметкерлерінің пайалануына қаншалықты ыңғайлы екенін бағалау үшін басшысы мен бухгалтер бар, штатта 15-тен 100-ге дейін адам жұмыс істейтін компанияның портреті жасалды. Бұл компания әртүрлі банктік шешімдерді өте белсенді қолданады: корпоративтік карталар, жалақы жобасы, депозит және несие өнімдері, валюталық бақылау, валюталық төлемдер. Осы ретте ең тиімді мобильді банктер Jusan Bank (42), Halyk Bank (37,4) және ForteBank (34,6) болды. Бұл ойыншылар түрлі функцияларды атқарып қана қоймай, сонымен қатар кейбір ерекше мүмкіндіктерді ұсынады. Мысалы, Jusan Business – салық төлемдерін есептеу мүмкіндігін ұсынатын нарықтағы жалғыз мобильді банк. Сарапшылар мобайл банкингтің қосымша мүмкіндіктерін бағалаған. Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, валюталық операциялар және сыртқы экономикалық қызмет бөлігінде Jusan Bank басым болған. Сарапшылар сондай-ақ жалақы жобасы мен несие өнімдерін де атап өтті.

«Бұл блокта Jusan business қосымшасы несие бойынша негізгі ақпаратты қамтитын мақұлданған микрокредит өтінімі арқылы үлкен маржамен көш бастап тұр: мөлшерлеме, мерзім, сома ауқымы және алу шарттары ыңғайлы», – деп атап өтті Markswebb.

Шағын және орта бизнес үшін онлайн несие алу мүмкіндігі де маңызды. Сауалнама барысында көптеген кәсіпкерлер уақыт өте келе оларға несие берген банкке көшкендерін айтқан. Мобайл банк платформасы ретіндегі ыңғайлы және депозит өнімдерін пайдалануда ЦКБ көш бастап тұр. Төлемдерді қабылдауда QR-кодтар арқылы төлемдерді қабылдауға басымдық берген Kaspi Bank ең үздік деп танылды. Алайда Markswebb мамандары бұл бағытта оны Jusan Bank пен Halyk Bank басып озуы мүмкін дейді. Корпоративтік карталар бағытындағы көшбасшылыққа мобильді қосымшада жылдам әрі ыңғайлы карта ашу мүмкіндігінің арқасында Halyk Bank қол жеткізді. Алайда әлі де компаниялардың дамитын, басымдық беруі тиіс бағыттары аз емес.

Мәселен, қазір клиенттерге бизнесті жүргізуді жеңілдететін банктік қызметтер қол жетімді емес. Зерттеуге қатысқан банктер арасында құжат айналымы функционалдығы ұсынылмаған. Сонымен қатар, мобильді банкинг әлі де жеке арна емес, интернет-банктің «ассистенті» болып  тұр: қазақстандық банктер қосымшаны сату арнасы мен кәсіпкерлер үшін ақпарат көзі ретінде пайдаланбайды. Кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамада Markswebb оған  қатысқандардың 71%-ы жаңа функционалдылық туралы ақпаратты, 65%-ы – азық-түлік ұсыныстарын, 58%-ы заңнамадағы өзгерістер туралы ақпаратты көргісі келетінін анықтады.

Зерттеушілер бұндай дамуы тиіс бағыттар банк қосымшаларын пайдаланушылар қатарының артуына кедергі келтіруі мүмкін деп тұжырымдайды.

Сондай-ақ оқыңыз