Елдегі ең ірі несие беруші банктердің жағдайы қалай?

Жарияланды
Күзге қарай банктер берген несиенің жалпы көлемі 22 триллион теңгеге жуықтады

Қазақстандық банктердің несие портфелі биыл 1 қыркүйекте 21,8 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7% артық. Жаздың соңғы айында екінші деңгейлі банктерден алынған несие көлемі тағы 1,1% өсті, деп жазады Finprom.kz

Жылдық динамика бойынша Jusan Bank несие беруші банктердің ондығында көш бастады: бірден 2,4 есе өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті.

Жылдық өсім бойынша екінші орынды ипотека мен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне маманданған Отбасы банкі иеленді: бір жылда 53,5% өсіп, 2,7 трлн теңгеге жетті. ЦентрКредит Банкі портфелі бір жарым есе өсіммен, яғни 1,8 трлн теңгемен үздік үштікті қорытындылады.

Кешіктірілген қарызға келетін болсақ, ҚР ЕДБ арасында кешіктірілген қарыз көлемі 1,5 трлн теңгеге жетті, бұл несие портфелінің 7%-ын құрайды. 90 күннен астам мерзімі кешіктірілген несие көлемі (NPL 90+) 786,8 млрд теңгені немесе портфельдің 3,6%-ын құрады.

Несие портфелінің өсу қарқыны бойынша үздік үш банктегі NPL 90+ көрсеткіші келесідей:

  • Jusan Bank 135,4 млрд теңге көрсеткішке ие (несие портфелінің 11%-дан астамы).Бұл ретте Jusan Bank проблемалық қарыздар бойынша провизиялаудың өте жоғары деңгейіне ие (сектор бойынша орташа деңгейден айтарлықтай жоғары): биыл 1 қыркүйектегі банк провизиялары NPL 90+ көрсеткішінен 2,3 есе артық болып, 311,2 млрд теңгені құрады.
  • Отбасы банкіне келетін болсақ, бұл мемлекеттік қаржы институтының моделінің өзі іс жүзінде кешіктіру қарастырмағандықтан, банк портфеліндегі NPL 90+ деңгейі 0,1%-дан аз.
  • Өз кезегінде ЦентрКредит банкі NPL 90+ 60,7 млрд теңгені (портфельдің 3,4%-ы) құрайды. Банк провизияларының (108,1 млрд теңге) кешіктірілген берешекке қатынасы 1,8 есе болды, бұл сектордағы орташа деңгейден төмен.
Сондай-ақ оқыңыз