Депозит бойынша өтемақы қалай төленеді?

Төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төленеді

2022 жылдың 12 қыркүйегінен бастап жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша 10% мөлшерінде өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаты бекітілген. Осы орайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қандай депозиттеге өтемақы төленетінін еске салып өтеді.

Өтемақы төмендегі салымдарға төленеді:

  • жинақ,
  • мерзімді,
  • мерзімсіз салымдар,
  • сондай-ақ білім беру жинақтау салымдары,
  • тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі жинақтар.

Өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей өтініш беру арқылы келісімін растауы қажет. Салымшының келісімі туралы өтініш беру әдісі мен тәртібін банктер дербес белгілейді.

Өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ және «Қазақстанның тұрақты даму қоры» АҚ депозиттер туралы мәліметтер негізінде екінші деңгейлі банктерге депозиттер бойынша сыйлықақы сомасын аударады.

Өтелуге жататын депозиттер туралы ақпаратты банктер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына мониторинг мақсатында ұсынады. 10% сыйақыны салымшыға оның депозиті орналасқан банк тікелей төлейді. Төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін Қағидада белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

Сыйақы төлеу шарттары, тәртібі мен мерзіміне қатысты сұрақтар бойынша салымшылар депозит ашылған банктерге хабарласуы қажет.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда