Қазақстан 2022 жылы 25 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр

Жарияланды (жаңартылды )
Сыртқы істер министрлігі осындай болжам жасап отыр

Қазақстан 2022 жылы 25 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы 19 қазанда Астанада өткен жаһандық инвестиция мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді.

Айдаров «биыл әлемдегі оқиғаларға қарамастан, біз үлкен плюспен келе жатырмыз. Жартыжылдық көрсеткіш 28% өсіммен 14,2 млрдқа» жеткенін айтып өтті.

Қазақстанның негізгі инвестор елдерінің қатарына Батыс Еуропа, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай және Ресей кіреді. Республикаға тартылған бүкіл инвестицияның 90%-ға жуығы осы елдерден келеді. Дегенмен, спикер геосаяси жағдай мен санкцияларға байланысты бәрі өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

«Санкциялардың кесірінен бұрын нарықтың тарлығына байланысты Қазақстанды таңдай алмаған, бірақ осы кеңістікте қалғысы келетін кейбір компаниялар Қазақстанға көшіп жатыр, кейбірі осы айтмақтаңы мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. Бұл компаниялардың барлығы осында, біздің міндетіміз – инвесторларға тұрақтылық аралы болып қала беретінімізді, орын алған оқиғалардың бәрі біздің инвестициялық міндеттемелерімізге әсер етпейтінін көрсету», – деді Алмас Айдаров.

Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable – 2022 отырысы өтіп жатыр. Оған 300-ге жуық шетелдік компания қатысты. Сыртқы істер министрінің орынбасарының айтуынша, форум аясында жалпы құны 1 млрд доллар болатын 25 келісімге қол қою жоспарланған. 2021 жылы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияның ағыны 23,7 млрд долларға жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз