Балаға қаржылық сауатты үйрету кезінде ата-анасы қандай қателік жібереді?

Жарияланды

Балаға ақша жұмсауды қалай үйретуге болады? Бұл сұрақты әр ата-ана өзіне қоятыны айдан анық. Балалардың табысты, тәуелсіз болып өсуі үшін қаржылық сауаттың негізін жастайынан түсіндіру қажет. Мәселен, психоаналитик Жанар Оспанованың айтуынша, 4 жастан асқан балаға саудаласуды, ақша үнемдеуді үйрете беруге болады. Қаржылық жағдайыңызға байланысты бір аптаға 500 немесе 2500 теңге беріңіз. Кейін осыны бір аптаға жеткізуді тапсырып, күнделікті осы тақырыпта сөйлесуге тырысыңыз. Басты мақсат – балаға ақшаны бірден жаратып тастамауды үйрету керек.

Шет елдерде балаға қаржылық сауатты неше жасынан бастап үйретеді?

Жапонияда бала алғашқы қаражатын өте ерте жастан ала бастайды. Әдетте жаңа жылға ақшаны пайдалануға ата-әжелері балаға бес жастан бастап береді, ал балалар оны өздері басқаруға құқылы. Ата-аналар ақшаны қалай пайдалану керегін түсіндіреді. Мәселен,  қарындаш, ойыншық, азық-түлік сияқтыларды ақшамен сатып алуды үйретеді (Әрине бұл кезде ата-анасы баласымен бірге болуы керек. Бір жағы баланың үйренуі, екінші жағынан саудагерлердің жас баланы алдап кетуінен сақтану үшін).

Қытайда балаларға мектепте де, үйде де ақшаны дұрыс жаратуды үйретеді. Олар дүкенге өздері барып, жеке қаражатын жұмсап үйренеді. Бұл елде балаға 3 жастан бастап ақшаны қалай жинауды түсіндіреді.

Венгрияда ата-аналары балаға «Монополия» сынды қаржы ойындарын ойнату арқылы ақшаны басқаруды үйрету дәстүрге айналған. Ал мектепте, үй шаруашылығы сабағында жеке бюджетті қалай жасау, ақшаны үнемдеу жолдары айтылады.

Британдық ата-аналар балаларын балалық шақтарынан айырып алмау үшін ақшамен жұмыс істеуді үйретуге асықпайды. Бірақ, олар балаларына жинақ қобдишасын (копилка) сыйлап, ақша жинауды үйретеді.

Балаларға қаржы сауатын үйрету ешқашан кеш емес

Қаржы жайында туралы сөйлесіңіз. Ақша туралы сөйлесуге тыйым салынбауы керек. Балаңызбен жұмыс және ақша туралы сенімді түрде сөйлесіңіз.

Ақша туралы айту және оны пайдалану қызықсыз болып, баланы жалықтырмауы керек. Балаңызды қаржылық мәселелерге тартыңыз. Қаржылық шешім қабылдағанда балаңызды шетте қалдырмаңыз. Бюджетті бірге жасаңыз. Банкке барғанда балаңызды өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Балаларды қаржылық шешімдер қабылдаудың әрбір қадамына қосыңыз.

Біз балаларға қаржы сауатын үйретудің бірнеше қарапайым және қызықты жолдарын ұсындық:

 Қателіктер туралы айтудан қорықпаңыз. Бәріміз қателіктер жасаймыз. Оларды жасырмаңыз, балаңыз олардан сабақ алуы үшін өз қателіктеріңіз туралы айтудан тартынбаңыз.

 Айыптамаңыз. Көптеген ата-аналар ақшаны басқаруда бірдеңе дұрыс болмаса, мысалы, бала бар ақшасын тез жұмсаса немесе сапасыз зат сатып алса, баласын кінәлайды. Бұл  — дұрыс емес. Ұрыс сізді еш нәтиже бермейді: оның орнына не дұрыс емес және болашақта жағдайды қалай жақсартуға болатынын талқылаңыз.

Үйрену ешқашан кеш емес. Егер балаңызға әлі қаржы әліппесін үйретпесеңіз және кейбір қадамдар жетіспесе, алаңдамаңыз. Ештен кеш жақсы! Барлық сабақтарды ретроспективті түрде де өткізуге болады, ең бастысы оларды белсенді түрде өткізуді бастау.

Балаларға ақша туралы не айтуға болмайды?

Теріс көзқарастарды қолданбаңыз, мысалы: сен бүкіл ақшаны таба алмайсың. Көп ақшаны тек ұрлық жасайтындар табады деген сөздерді айтуға болмайды.

Сондай-ақ оқыңыз