Зейнетақы аннуитетінің сақтандыру сыйлықақысы бір жарым есе өсуі мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Оны нарықтық межеге жеткізу жоспарланған


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақы сомасын есептеуде теңгелей жылдық 9%-дан аспайтын жылдық сыйақы мөлшерлемесін қолдануды ұсынады. Қазір бұл көрсеткіш жылына 6 пайыздан аспайды.

Бұндай өзгертулер агенттіктің Ашық НҚА порталында жарияланған қаулы жобасында жазылған.

Агенттік бұл тарифті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жинақталған зейнетақы қаражаты портфелінің 2014 жылдан бергі орташа жылдық кірістілігі шамамен 9%-ды құрайтынымен негіздеп, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша кірістілік нормасын арттыруды ұсынады.

Сонымен қатар, сақтандыру төлемдерін индекстеу ставкасы 5%-дан кемінде 7%-ға дейін көтеріледі. Сонымен бірге, ҚНРДА соңғы 10 жылда орташа жылдық инфляция 7%-дан асып тұрғанын атап өтеді. Сондықтан агенттік сатып алу қабілетін сақтау және сақтандыру төлемдерін арттыру үшін мөлшерлемені көтеруді ұсынып отыр.

Айта кетейік, кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті іске қосылғаннан кейін және ЗА жасау үшін БЖЗҚ-дағы жинақ ақшаның жеткілікті шегі төмендетілген соң қазақстандықтар ЖСК-мен келісім жиі жасай бастады. Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап қазақстандықтар кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша 45 жастан зейнетақы аннуитеті шарттарын жасаса, ал 55 жастан бастап зейнетақы төлемдерін ала бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз