CFI нұсқасы бойынша Jusan Bank кезекті рет Қазақстандағы үздік банк атанды

Жарияланды
Халықаралық байқауды 10 жылдан бері британдық беделді басылым ұйымдастырып келеді

Британдық беделді Capital Finance International басылымы жыл сайын Banking Awards халықаралық байқауын өткізеді. 2022 жылы Jusan Bank Қазақстанның ең үздік банкі атанды. 2021 жылы да басылым нұсқасы бойынша үздік атағын иеленген еді.

Он жылдан бері экономика және қаржы саласындағы маңызды оқиғаларды жариялауға маманданған Capital Finance International басылымының пайымдауынша, Jusan Bank «Қазақстанның қаржы экожүйесіне инвестиция салуға ерекше көңіл бөледі». Соның арқасында қаржы жүйесіндегі маңызы көрсетілген.

Меншікті капиталы мен өтімділігі бойынша Jusan Bank елдегі үздік банктердің бестігіне кіреді. Банк активтері былтырмен салыстырғанда екі еседен астам өсіп, Қазақстан нарығындағы үлесі 7%-дан асты.

12 ай ішінде Jusan Bank-тың несие портфелі үш есе өсті, ал мерзімі өткен несиелер көлемі 44%-дан 9,47%-ға дейін төмендеді. Jusan-ның цифрлық экожүйесі миллионнан астам белсенді пайдаланушыны қамтып отыр.

Айта кетейік, 14 желтоқсанда Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі банктің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін B1 деңгейінде растап, болжамды «Тұрақтыдан» «Оңға» көтерген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз