Биыл тұрғын үй құрылысы қарқыны баяулайды

Жарияланды
15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынбақ

Қазақстанда 2023 жылы 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырған біршама аз, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

«2022 жыл қорытындысы бойынша 15,4 млн. метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғын үй құрылысына 2,9 трлн теңге инвестиция салынған. Биыл 15,3 млн шаршы метрді пайдалануға беру жоспарланып отыр», деді Қарабаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасына сәйкес, елімізде 2030 жылға қарай шамамен 111 миллион шаршы метр балтын үй пайдалануға беріліп, 1 миллионнан астам отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

Ел үкіметі былтыр жалпы аумағы 18 млн шаршы метр болатын тұрғын үй саламыз деген мақсат қойған. Бірақ бұл жоспар орындалмады. Пайдалануға берілген үйлердің аумағы 15 млн шаршы метрден сәл асты. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұл жоспардың орындалуына құрылыс материалдарының қымтаттауы кедергі болды деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, құрылыс қарқынына құрылыс материалдарын әкелудегі қиындықтар да әсер етті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы елімізде тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 12,2%-ға өскен.

Сондай-ақ оқыңыз