Жаңалықтар

Каспий құбыр консорциумы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды тоқтатты

КҚК Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды тоқтатты. Фото: kursiv.media

Каспий құбыр консорциумы Теңіз кенішінен мұнай қабылдау мен Новороссийсктегі теңіз терминалы резервуарына мұнай айдауды тоқтатты. Бұл туралы Интерфакс агенттігі консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«2023 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша жиналған мұнайдың артық болуына байланысты Теңіз мұнай айдау станциясы (Қазақстан Республикасы) Теңіз кен орнынан КҚК жүйесіне мұнай қабылдауды тоқтатты. КҚК Теңіз терминалының резервуар паркіне мұнай айдау тоқтатылды», делінген консорциум хабарламасында.

Теңіз мұнай-газ кен орны Қазақстандағы ең ірі кен орнының бірі, мұнай қоры 3,2 миллиард тоннаны құрайды. Атырау облысының аумағында орналасқан. 2022 жылы КҚК кен орнынан 29 млн тонна мұнай жөнелткен.

Сейсенбі күні КҚК ауа райының қолайсыздығына байланысты,19 ақпаннан Новороссийсктегі теңіз терминалында мұнай тасымалдауды тоқтатқанын хабарлады.

21 ақпанда КҚК Теңіз терминалындағы резервуар паркі мұнайға толған (1 млн тонна мұнай). Алайда мұнай жөнелтушілерден өнім бос контейнерлер мен резервуар паркіне қабылданып жатқан еді.

Бүгін Энергетика министрі Болат Ақшолақов ауа райы қалпына келсе, 23 ақпаннан мұнай жөнелту қайта жанданады деп сенім білдірген.

Бұл бағыт арқылы мұнай айдау бірнеше рет тоқтаған болатын.

КҚК құбыры Қазақстанның батысы мен Каспий қайраңындағы ресейлік мұнай кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы 1511 км. Бұл қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық жолы.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть басқаруында 24%, баланста 7%) 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC1,75%) 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company 15%, LUKARCO B.V. 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited 7,5%, BG Overseas Holding Limited 2%, Eni International N.A. Н.В. 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC 1,75%.