Америкада тағы бір банктің қызметі тоқтатылды

Жарияланды
АҚШ-та тағы бір банк қызметі тоқтады. Фото: thehindubusinessline.com

Америкада 12 наурызда Нью-Йорк штатының қаржы реттеушілері елдің бірінші криптовалюталық банкі саналатын Signature Bank-ті жапты, банк деп жазады Freedom broker.

Федералды депозиттерді сақтандыру корпорациясы (FDIC) өткен жылдың аяғында 110,36 миллиард доллар активтері мен 88,59 миллиард доллар депозиті бар Signature Bank-ті бақылауға алған еді. АҚШ-тың Қаржы министрлігі мен басқа да қаржылық реттеушілері Signature Bank және Silicon Valley Bank-тің барлық салымшыларына өтемақы төленетінін мәлімдеген болатын.

Signature компаниясының күйреуі 10 наурызда Silicon Valley Bank жабылғаннан кейін болды. Бұл АҚШ тарихындағы 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде банкротқа ұшыраған Washington Mutual компаниясынан кейінгі екінші ең ірі қаржы институты.

Signature компаниясы Нью-Йорк, Коннектикут, Калифорния, Невада және Солтүстік Каролинада коммерциялық банк филиалдары бар үлкен банктік құрылым еді. Тоғыз түрлі бағытта бизнес жүргізетін бұл банктің сонымен бірге коммерциялық жылжымайтын мүлкі мен цифрлы активтері бар еді. 2022 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша оның депозиттерінің төрттен бір бөлігі криптовалюта секторынан болатын. Ал желтоқсан айында банк өзінің криптовалюталық депозиттерінің көлемін 8 миллиард долларға қысқартатынын жариялаған.

Стартапқа бағытталған Silicon Valley Bank – клиенттерінің өз қаражаттарын қайтарып алу нәтижесінде асқан жылдамдықпен құлдырап кетті. Бұл инвесторларды қатты алаңдатты. Банк саласындағы бұл дағдарыс АҚШ банктерінің нарықтық құнында 100 миллиард доллардан астам шығынға ұшырауына әкеп соқты. Бұл жағдай Америка үкіметін қаржы жүйесіне деген сенімді қалпына келтіру үшін жедел шаралар қабылдауға итермеледі.

Ал жексенбі күні FDIC банк клиенттері дүйсенбіде өз қаражаттарына толық қол жеткізуі үшін «өтпелі» мұрагер банкін құрды. Signature Bank салымшылары мен қарыз алушылары автоматты түрде осы банктің клиентіне айналады. Жаңа ұйымның бас директоры болып Fifth Third Bancorp-тың бұрынғы атқарушы директоры Грег Кармайкл тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз