Жаңалықтар

Алматы әкімі мердігерлік ұйымдарға жолдағы кемшілікті қысқа мерзімде жоюды тапсырды

Алматы әкімдігінде биылғы жылға арналған жол жөндеу жоспары талқыланды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қыхметі хабарлады.

Жиында Ерболат Досаев қыс мезгілінен кейін қала тұрғындары жолдардың қазіргі жағдайына риза еместігін атады. Шұңқырлардың пайда болуы, люктердің түсуі және коммуналдық қызметтердің жоспарлы қазу жұмыстары жөндеуді қажет етеді.

«Жұмыстарға селқос қарау, формализм және сапа деңгейінің төмендігі, бекітілген стандарттар, тәжірибе көрсеткендей, оң нәтиже бермеуде. Қалаға сапалы жолдар қажет. Жұмысты дұрыс жүргізе алмайтын алмайтын компаниялар енді қалада жол жөндеу жұмыстарымен айналыспайды», – деді қала әкімі.

Алматы әкімі мердігерлік ұйымдарға былтырғы барлық кемшілікті қысқа мерзімде жоюды тапсырды.

Компаниялардың ашықтығы, мердігерлік ұйымдардың есептілігі мен тәртібін арттыру үшін ведомстволық сараптамадан өткеннен кейін учаскелер мен орындау мерзімдері көрсетілген жұмыс кестесі жарияланады.

Биыл қаланың бес шағын ауданында (Қайрат, Алғабас, Ақжар, Шұғыла және Шаңырақ-1) жол салу жоспарлануда. 220 көше орташа жөндеуден өтеді, 350 мың шаршы метрден астам көше ағымдағы жөнделеді. Бұл мақсаттарға 20 млрд теңге және 2,8 млрд теңге бөлінді. Бұған қоса, ұзындығы 30 км тротуарлар мен 40 аялдама кешенін жөндеу жоспарға енген