Жаңалықтар

Сайлауға байланысты Конституциялық сотқа тұрғындардан 20 өтініш түскен

суд
Коституциялық сотқа 20 өтініш түскен. Фото: Аскар Ахметуллин

Конституциялық Сотқа мәслихат пен Парламент Мәжілісіне сайлануға байланысты азаматтардан 20 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Азаматтардың басым көпшілігі өз өтініштерінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның ережелерін жергілікті жерлерде орындауға қатысты талаптарды көрсетті», делінген хабарламада

Алайда түскен өтініштің 13-і кері қайтарылған. Оған себеп – өтініште жазылған талаптар Конституциямен және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңмен бекітілген Конституциялық Сот құзыретіне кірмейді.

«Азаматтардың екі өтініші конституциялық заңда көзделген мазмұны мен шарттарына қатысты тәртіпті ескермеуіне байланысты кемшіліктерді жою мақсатында өтініш иелеріне қайтарылып, оларды жойған жағдайда қайта жүгіну құқығы бар екені туралы түсініктеме берілді. Қалған 6 өтініш алдын ала қарау сатысында», дейді Конституциялық Сот.

19 наурыз күні елімізде Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау өткені белгілі. Оған сайлаушылардың 54,19 пайызы дауыс берген еді. 

27 наурызда ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров партиялардың қанша дауыс жинағанын және Мәжілістен қанша мандат иеленетінін мәлім етті. Оның айтуынша, нәтиже төмендегідей:
Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
«Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
«Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% (Мәжіліске өтпеді);
«Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).

Бас прокуратура сайлау кезіндегі заң бұзу туралы 25 өтініш түскенін, олар толық тексерілетінін мәлімдеді.