Жаңалықтар

Silicon Valley Bank банкротынан кейін америкалықтар депозиттерінен 100 млрд доллар шығарып алған

Фото: shutterstock.com

Silicon Valley Bank банкрот болған соң, америкалықтар банктерден 100 миллиард долларын шығарып алған, деп жазады Экономикалық зерттеулер институтының телеграм арнасы.

Silicon Valley Bank (SVB) банкротқа ұшыраған соң, американдықтар бірнеше күн ішінде банктерден шамамен 98,4 миллиард доллар шығарып алған. Алайда, АҚШ билігі елдегі қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын жариялау арқылы жұртшылықты тыныштандыруға тырысп жатыр.

Банктерден қомақты қаражат алынғанына қарамастан, банк шоттарында әлі де 17,5 трлн доллардан астам қаржы бар, яғни алынған ақша бүкіл соманың 0,6% құрады.

Айта кетейік, 10 наурызда Калифорния штатының қаржы реттеушілері соңғы 15 жылда ең ірі банкке айналған SVB-ді жауып тастады. Wall Street Journal мәліметті бойынша, қазіргі уақытта АҚШ-тың 186 Банкі SVB тағдырын қайталауы мүмкін деген алаңдаушылық бар.

Сонымен қатар, SVB мен Signature Bank банкроттығы аясында наурыз айының басынан бастап инвесторлар АҚШ-тың алты ірі банкінен 165 миллиард доллар шығарып алған. Нәтижесінде Citigroup, Morgan Stanley, Bank of America, Goldman Sachs, JPMorgan Chase және Wells Fargo сияқты компаниялар нарықтық құнның шамамен 13% жоғалтты.