Қытайдың ірі банктері 2022 жылы табысын арттырған

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Қытайдың ірі 5 банкі былтыр таза пайдасын өсірген. Industrial and Commercial Bank, Bank of Communications, Bank of China, Agricultural Bank of China және China Construction Bank былтырғы қаржы жағдайы туралы есеп берген, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

2022 жылы Agricultural Bank of China мен China Construction Bank-інің таза табысы 7%-дан аса өскен. Ал Bank of Communications пен Bank of China таза табысы 5%-дан аса көбейген. Активтері бойынша әлемдегі ең ірі банк Industrial & Commercial Bank (ICBC) кірісінің 3,5%-ға өскенін хабарлады.

Сонымен қатар бүкіл банк өз портфелдеріндегі мерзімі өткен несие үлесінің төмендегенін жариялады.

Asia Financial басылымының жазуынша, табыс көрсеткіштерінің жоғары болуына қарамастан, бес банк те ішкі және сыртқы сын-қатерлер жайын еске салып өткен.

Соның ішінде олар бірнеше дефолттан соң енді ғана алпына келе жатқан Қытай жылжымайтын мүлік секторының түйткілдері мен таза пайыздық кірістің азаю қаупін айтып өткен.

Сондай-ақ оқыңыз