Жаңалықтар

Министрлік ірі кәсіпорындарға сараланған газ тарифін ензігуді ұсынып отыр

Стоимость газа в Европе упала ниже 500 долларов за тысучу кубометров

Экономика министрлігі ірі кәспорындарға саралаған газ тарифін енгізуді ұсынып отыр. Министрдің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бұл газ тапшылығын азайтуға ықпал етпек.

Бұған дейін Президент тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды тұтынылуы үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырған. Осы тапсырманы орындау үшін министрлік:

  • Ірі коммерциялық кәсіпорындар сараланған тарифтерді енгізу  
  • Халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізуді ұсынып отыр.

«Бұл газды үнемді пайдалану әдетін қалыптастыруға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік-әділ құнын белгілеуге ықпал етеді», деді ол.

Сонымен қатар Қазіргі кезде еліміздегі 146 мың шақырым инженерлік желіге жөндеу жүргізу қажет.

Министрдің айтуынша, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына сәйкес, тарифтік саясатты реформалау шеңберінде электр, жылу, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын төмендету қолға алынбақ. Бұл авария санын азайтуға және осы көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.

«Қазіргі кезде тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды.Осыған байланысты, салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен пысықталған, табиғи монополия субъектілері растайтын құжаттары бар өтінімдер ұсынылады деп күтілуде», деді Қуантыров.