АҚШ қор индекстері соңғы аптадағы айтарлықтай өсімнен кейін сейсенбі күнгі сауда-саттықта төмендеді. Бұл туралы Trading Economics басылымына сілтеме жасай отырып «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады.
Дүйсенбі күні биржалар мерекеге байланысты жұмыс істемеді. Сейсенбіде Dow Jones Industrial Average 245,25 пунктке (0,72%) төмендеп, 34 053,87 тармақты құрады. Индекс құрамындағы компаниялардың ішінде Intel корпорациясының акциялары қатты арзандады.
Ал Standard & Poor’s 500 бір күндегі мәні 20,88 пункт (0,47%) төмендеп, 4388,71 тармақты құрады. Nasdaq Composite индексі 22,28 пункт(0,16%) жоғалтып, сессияны 13677,29 тармақпен аяқтады.
Инвесторлар Федералды резерв жүйесінің басшысы Джером Пауэлл сәрсенбі күні Өкілдер палатасы мен бейсенбі күнгі Сенаттағы жиында не айтады деп тосып отыр.
«Менің ойымша, инвесторлардың ұзақ мерзімді болашаққа деген сенімі жоғары, бірақ дәл қазір олар нарық көрсеткіштерінен біршама алға озып кеткен», – деді CFRA Research бас инвестициялық стратегі Сэм Стовалл.
Сарапшылар ФРЖ басшысының бұл баяндамасы нарыққа ФРЖ саясатының қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді деп пайымдайды.
Сейсенбі күні Нью-Йорк қор биржасында Alibaba Group Holding акциялары 3,7%-ға төмендеді. Қытайлық интернет-алпауыт бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Даниэль Чжан екі лауазымнан да кетті. Директорлар кеңесінің жаңа басшысы қазіргі төрағасының орынбасары Джозеф Цай болады. Бас директор лауазымына қазіргі уақытта Taobao және Alibaba бірқатар электрондық коммерция платформаларын біріктіретін Tmall Group компанияларын басқаратын Эдди Ёнмин Ву келеді.
Қытайлық Nio мен XPeng электромобиль өндірушілерінің ADR көрсеткіштері де сәйкесінше 0,5% және 4,4% төмендеді.
WeWork Inc компаниясының акционерлері акцияларды біріктіруді (кері бөлу) мақұлдаған соң, бағалы қағаздары 9,2%-ға арзандады.
Сонымен қатар, Chevron Corp акцияларының құны төмендеді. Microsoft Corp. 1,3%-ға, International Business Machines және Visa Inc. 1,1%-ға арзандады.
Сонымен қатар, PayPal Holdings төлем жүйесі өзі акцияларын сатып алуды биыл шамамен 5 миллиард долларға дейін жеткізеді деген жаңалықтан кейін 3,7%-ға өсті.
Eli Lilly фармацевтика компаниясы иммунологиялық дәрі-дәрмек шығаратын DICE Therapeutics-ті 2,4 миллиард долларға сатып алғанын хабарлады. Нәтижесінде Eli Lilly 1%-ға қымбаттап, ал DICE бірден 37,2%-ға өсіп, 46,44 долларды құрады.