Фото: kursiv.media
Fitch Ratings халықаралық агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BBB-» деңгейінен «BBB», болжам – «Тұрақты» деңгейіне дейін көтерді. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.
Рейтинг борыштық жүктеменің төмендеуіне, «ҚМГ Қашаған Б.В.» көрсеткіштерінің шоғырлануына және мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейіне байланысты ҚМГ-нің кредит қабілеттілігі рейтингінің«bb-» деңгейінен «bb» деңгейіне дейін жоғарылауына байланысты қайта қаралған.
«Қайта қарау қорытындысы бойынша Fitch Ratings-тен ҚМГ кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингімен бір деңгейде», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 26 мамырда Fitch Ratings Қазақстанның егемен кредит рейтингін «BBB» деңгейінде растаған болатын. Болжам – «тұрақты».
Агенттіктің пікірінше, кеңейтілген Теңіз кенішін іске қосу есебінен мұнай өндірісі көлемінің артуы Қазақстан экономикасының өсуіне қолдау көрсетеді. Fitch Ratings болжамына сәйкес, 2023 және 2024 жылдары ЖІӨ өсімі тиісінше 4,5% және 4,8% болады.
“ҚазМұнайГаз» негізі 2002 жылы қаланды, бүгінге оның 87,42% акциясы «Самұрык-Қазынаға» тиесілі болса, қалғаны (9,58%) – Қазақстан Ұлттық Банкінің иелігінде.
2022 жылы «ҚазМұнайГаздың» шоғырландырылған таза пайдасы 2,4%-ға өсіп, 2,9 млрд долларды құраған.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ 2022 жылғы пайдадан әр жай акцияға 491,71 теңге төлемек. Осылайша, жалпы дивиденд сомасы шамамен 300 миллиард теңгені құрайды. Бұндай шешім компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында шығарылған.
2022 жылдың желтоқсанында IPO-ға шыққан «ҚазМұнайГаз» акцияларының қайталама сауда-саттығы ашылған болатын.