Энергетика министрлігі 2023 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша компаниялар бойынша мұнай өндірісінің төмендеу себептеріне қатысты түсініктеме берді.
Қазақстанда мұнайдың тәуліктік өндірісі 228 мың тоннаға дейін төмендеген. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша мұнай өндірісі электр қуатының шектелуіне байланысты төмендеген.
«ТШО-да мұнай көлемі 62,988 мың тоннаны құраған. Мұндағы өндіріс көлемінің төмендеуіне осы жылдың 1 тамызынан бастап толық технологиялық желілерде (ТТЖ) жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіле бастағаны әсер етті. Жөндеу жұмыстарының ұзақтығы шамамен 40 күнге созылады», делінген хабарламады.
Ал басқа компанияларда мұнай көлемі – 82,657 мың тоннаны құраған. Бұл көлем айдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,9 мың тоннаға аз. Мұнай көлемінің азаюына Маңғыстау облысының «Маңғыстаумұнайгаз», «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» кәсіпорындарында электр қуатын беруді шектеуге байланысты төмендеген.
Жалпы мұнай өндірісінің көлемі биыл бірнеше рет төмендеп кетті. 3 шілде күнгі МАЭК-тегі апат салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өндіріс пен «ҚазМұнайГаздың» бірнеше кен орындарында мұнай өндіру тоқтап қалды. ҚМГ өндірістің тоқтауы салдарынан шығынға ұшырағанын мәлімдеді, алайда оның нақты көлемін атамады.
Сонымен бірге мұнай өндірісінің төмендеуіне 21 маусым күні Павлодар мұнай-химия зауыты бір айға жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуы да өз әсерін тиізді.
Ал 3-14 шілде аралығында Шымкент мұнай өңдеу зауыты ішінара жұмысын тоқтататыны хабарланды. «ҚазМұнайГаз» компаниясының хабарлауынша бұл жағдай жанар-жағармай нарығына кері әсер етпейтіні, жетпеген көлемді Атырау мұнай өңдеу зауыты шығаратыны айтылды.
Алайда 3 шілде күні Атыру мұнай өңдеу зауыты МАЭК-тегі апатқа байланысты тоқтап қалып, елдің энергетикалық секторына қауіп төнді.
Осыған байланысты Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақтылы жүзеге асырмағаны үшін, батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс берді.