Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдап, министрге экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыруды тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажетін айтты.
«Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді«, делінген хабарламада.
Арман Шаққалиевке дейін министрлікті Серік Жұманғарин басқарған. Ол Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалғандықтан, бұл қызметінен болсатылды.
Президент жарлығымен елімізде бес министрлік құрылып, төрт министр лауазымынан босаған болатын.
Президент жаңадан құрылған Су министрлігін басқаруды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовке тапсырған еді.
Ал СҚО әкімі Айдарбек Сапаровты Ауыл шаруашылығы министрі етіп тағайындады.