Жаңалықтар

Қандай жағдайда банкроттыққа өтініш қабылданбайды? Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді

Фото: kursiv.media

Мемлекеттік кірістер комитеті банкроттыққа өтініштердің қабылданбай қалу себептерін атады.

Жеке тұлғаның соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініші қабылданбаса, демек, өтінім берген кезде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген болуы мүмкін. Комитеттің хабарлауынша, көп жағдайда банкроттыққа өтніш берген жеке тұлғаның қарызының сомасы мен мерзімі сәйкес келмей жатады.

«Атында мүліктің болуы, қарызды реттеу туралы құжаттың болмауы, өтінім бергеннен бастап үш ай өтпестен қайтадан өтінім беру және басқа да себептерге байланысты өтініш қабылданбай жатады. Мысалы кейбір азаматтардың атында жер пәтер, үй яғни жылжымайтын мүлік, сонымен қатар автокөлік құралдары тіркелген. Ал кейбір азаматтардың атында жеке кәсіпкерлік тіркелген. Бұндай жағдайда банкроттыққа өтініш қабылданбайды», деп хабарлайды Кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Өтініштің қабылданбау себептерін жою үшін тиісті мемлекеттік органға жүгіну қажет. Ол үшін:

  • Несиенің сомасы, оны оны өтеу мерзімдері бойынша тиісті банкке, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттікке;
  • Мүліктің болуы , заңды тұлғаларда қатысу үлесінің болуы бойынша әділе органдарына ХҚКО, e-gov порталына;
  • АВтокөлік бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына
  • Жер учаскелері, ауыл шаруашылық жануарлары және арнайы техника бойынша жергілікті әкәмшілікке,
  • Жеке кәсіпкерлік бойынша Мемлекеттік ірістер басқармаларына жүгінген жөн.

Сәйкессіздік жойылған соң, өтінішті үш айдан кейін қайтадан жіберуге болады.

Еске сала кетсек, банкроттыққа өтніш қабылдау  eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы осы жылдың 3 наурызында басталды.

Соттан тыс банкроттық туралы алғашқы өтініш 29 наурызда мақұлданды.

3 қазанда Қазақстан Қаржы министрлігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ баспасөз қызметі Қазақстан азаматтары банкроттық аясында 110 млрд теңгеден астам қарызды кешіруге өтініш тастағанын мәлімдеді. Бұл өтініштердің басым бөлігі Түркістан және Алматы облысы тұрғындарынан түскен. Наурыздан бері 3,7 мың адам банкрот деп танылды.

Қазіргі кезде соттан тыс банкроттыққа жалпы саны 67 мың өтініш келіп түскен. Ал сот арқылы банкрот деп тануға 1 мыңнан аса арыз берілген. Банкроттық процесі басталғалы бері 3768 өтініш беруші банкрот деп танылды.

Өзін банкрот деп жариялағысы келетіндер Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, электронды үкімет порталы сондай-ақ «e-Salyq Azamat» немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады.

Сонымен қатар, 1414 нөміріне телефон шалып, немесе https://t.me/SalyqBot Telegram чат-ботына сұрақтар қоюға болады.

Банкроттыққа өтініш берген соң, соттан тыс банкроттық туралы шешім шыққан-шықпағанын тексеруге болады. Ол үшін tazalau.qoldau.kz сайтына кіріп, өз ЖСН мен аты-жөніңді енгізу керек.

Айта кету керек, соттан тыс банкроттық рәсімі тегін жүргізіледі.