Visa шетелдіктерге карта ашу жөнінде Қазақстан банктеріне қойған талабын түсіндірді

Жарияланды
Visa шетелдіктерге карта ашуға қатысты талаптарын түсіндірді / shutterstock

Visa халықаралық төлем жүйесі бүкіл әлем және Қазақстан бойынша банктерге қатысты қолданылатын талаптар мен шектеулердің мәнін түсіндірді. Компанияның жауабы «Курсив» редакциясына жіберілді.

Хабарламада компания жұмыс істейтін мемлекеттердің барлығында жергілікті заңдармен құқықтық актілермен сәйкес қауіпсіз және сенімді әлемдік коммерцияны қорғау және қамтамасыз ететіні айтылған.

«Visa Rules талаптарына сәйкес, Visa карта шығару жөніндегі операциялық қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін лицензияны алған елден тыс мемлекеттерден клиент тартпауы және сырт елдер үшін Visa картасын шығармауы тиіс. Visa -ның барлық өнімдері өз клиентінің талаптарын білуді қоса алғанда (Know Your Client) Visa Rules шарттарына сай және қолданыстағы заңға сәйкес және ақшаны жылыстатуға қарсы (Anti-Money Laundering) болуы тиіс», делінген хабарламада.

Бұған дейін, «Курсив» басылымы Visa Ресеймен көршілес мемлекеттерге сол елдің резиденті емес азаматтарға карта ашуға тиым салынғаны туралы ақпарат тарағанын жазған еді.

Естеріңізге саламыз, Ұлттық банк Қазақстанда тұруға ықтиярхаты немесе уақытша тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктерге банк картасын беруге тыйым салатын қаулы жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Қаулы жобасында Қазақстанда уақытша жүрген немесе тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға банк картасы тұруға ықтиярхаты немесе уақытша тұруға рұқсат қағазы болса ғана ашылатыны жазылған. Құжат түсіндірмесінде банк картасын клиенттің өзі келіп және «Қазақстан аумағында жүруін растайтын құжаттарды» көрсеткен жағдайда ғана беруге болатыны айтылған.

«Қазақстан Республикасына уақытша келетін немесе тұрақты тұратын шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған тиісінше Қазақстан Республикасында уақытша тұруға берілген рұқсатты немесе  Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсатты ұсынған жағдайда, оларға төлем карточкасы шығарылады», – делінген құжатта.

Сондай-ақ оқыңыз