Ипотекаға үй алғандардың басым бөлігі одан кейінгі 3 айда тұтынушылық несие рәсімдейді

Жарияланды
Шығарушы редактор
Фото: Shutterstock

Тұрғын үй нарығындағы мемлекеттік бағдарламаны қаржыландырудың қысқаруы банк секторына әсер етіп, ЕДБ ипотекалық портфелінің өсімін 10 пайызға баяулатты. Ал ипотека алған борышкерлердің жартысынан астамы кейінгі 3 айда тұтынушылық несие рәсімдейтін болған. Бұл туралы Қаржыгерлер қауымдастығының банк секторының 9 айдағы қызметіне жасаған шолуында жазылған.

Елдегі макроэкономикалық жағдайдың біршама жақсаруына, қарызға деге жоғары сұраныс пен ынталандыратын бюджеттік саясаттың арқасында банктердің балансынағы валюта көлемі өсті.

Бұл ретте банктер қарыз прортфелінің өсімі (+14,2%) жүйедегі активтер (+7,5%) өсімінен екі есе артық болды. Алайда жоғары өтімділікке ие активтердің көлемі аздап азайды.

Жалпы банктердің қарыз портфелінде жеке тұлғаларға берілген қарыз өсімі баяулағаны байқалады. Былтыр өсім 2 пайыз болса, биыл ол 18,5 пайыз айналасында. Яғни, былтырғы 9 айда жаңа қарыз алушылардың саны 373 мыңнан асса, биыл қаңтар-қыркүйек айларында 327,6 мың адам жаңадан қарыз алған. Оған бұған дейінгі сұраныстың біршама қанағаттандырылуы және ипотекалық бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруы себеп.

Нақты айтқанда, ипотекалық портфель өсімі баяулағаны анық байқалады. Былтырғы 28,8 пайыздан 9,9 пайызға дейін қысқарған. Ол өз кезегінде тұтынушылық несие сегментіне кері әсер етеді. Қаржы тұрақтылығы есебіне сәйкес, ипотека алған борышкерлердің жартысынан астамы кейінгі 3 айда тұтынушылық несие рәсімдейтін болған. Яғни, ипотекаға үй алғандардың көпшілігі тұрмыстық техника мен жиһазына несие рәсімдейді.

Бұл ретте бизнеске берілген несие портфелімінің өсімі артқаны байқалады. Оған елдегі инвестициялық белсенділіктің және ШОБ-қа берілген борыш көлемінің артуы себеп. Бірінші жарты жылдықта бизнестен түскен өтініші 2,2 есе, 576 мыңнан 1,2 млн дейін өскенін айта кету керек. Оның ішінде шағын кәсіпкерлер қарыз алуға көбірек жүгінген. Ал жеке тұлғалар негізінен тұтынушылық несиеге өтініш берген. Банктер бизнеске несие беруге біршама бет бұрғандай. Кәсіпкерлерге берілген несие өсімі былтырғы 31 пайыздан 37 пайызға дейін жақсарған. Алайда жеке тұлғаларға берілген несие өсімі 29 пайызға дейін азайған. Бұл екі бағытта да сарапшылар өсім сақталады деп тұжырымдайды.

Сарапшылар банктердің қарыз портфелінің сапасы өте жақсы деген пікірде. Биыл банк секторы балансындағы NPL көлемі 91 млрд теңгеге өсіп, 906 млрд теңгені құрады. Бұл жалпы қарыз портфелінің 3,1 пайызын құрайды. Бұл ретте несие тәуекелінің құны аса өзгермеген.

Бұл несие белсенділігі ЕДБ меншікті капиталы (+19,4%) мен жеке тұлғалар депозиттері (+10,1%), сондай-ақ теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасы бойынша төлемдер (307 млрд. теңге) және облигацияларды орналастыру (+36%) есебінен өсті. Міндеттемелердегі «ұзақ ақшаның» үлесі және шаруашылық жүргізуші субъектілерге ұзақ мерзімді несие беру мүмкіндігіне пайдалы әсер етеді.

ЕДБ қызметі көрсеткіштерінің оң үрдісі рейтинг агенттіктердің рейтингінен де көрініс тапты: жыл басынан бері олар ЕДБ рейтингтерін 9 есе өсірді; екінші деңгейдегі 6 банктің болжамдары қайта қаралды және жетілдірілді; банк секторындағы елдік және салалық тәуекелдерді бағалауды жетілдірді.

Сарапшылар салық-бюджет саясатында жоспарланған өзгерістер мен бөлшек несие беру талабын қатайтудың салдары салмақты болуы ықтимал.

2023 жылдың қыркүйек айында банк секторындағы жиынтық активтер 2,53%-ға немесе 1,18 трлн теңгеге ұлғайып өскен. Активтердің бұлайша қарқындап өсуі биыл осымен екінші рет байқалған.

Бұған дейін S&P Global Ratings Қазақстан халқының 75 пайызында жабылмаған тұтынушылық несие бар деп мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз