Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Алматыдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

токаев
Мемлпкет башысы көмек беруі тапсырды Фото: Ақорда

Үкімет пен әкімдік Алматыдағы өрттен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылатынын атқан.

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды», делінген хабарламада.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтып, Үкімет орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін бүкіл шараларды қабылдайтыны мәлімдеді.

Сонымен қатар, барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.

Ал Алматы әкімдігі зардап шеккендерге жедел түрде уақытша баспана беріп, тамақтандырып, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетілгенін хабарлады.

Сонымен қатар қайтыс болғандардың жерлігін ұйымдастып және сүйегін жеткізуге жәрдемдеседі.

Бүгін Алматыдағы хостелде өрт шығып, құтқарушылар оқиға орнынан 13 адамның денесін алып шықты.

Құтқарушылардың алдын ала болжамына сәйкес, адамдар иіс тиіп қайтыс болған. 59 адам эвакуцияланды.

Өрт шыққан ғимарат Халық банкінің еншілес ұйымына тиесілі. Банкте кепілде тұрған бұл ғимарат қарыз өтелген соң банктің еншілес ұйымы – «Халық» стресті активтерді басқару компаниясының меншігіне өткен. Ол осыдан 1,5 ай бұрын Әділбек Сағымбекұлы Мұхамедьяров басқаратын «ALA Hostel» ЖШС-не жалға берілген.

Әкімдік берген ақпаратқа сүйенсек, хостел бар болғаны бір жарым бұрын ашылған. 

«Ғимарат Халық банкке тиесілі. Кепілдегі ғимаратты банк жалға берген», -делінген әкімдік хабарламасында.

Хабарламаға сүйенсек, ғимаратты банк бұрын қарыз өтемеген бұрынғы қожайындарынан алып қойған. Бұдан бөлек, хостелдің Алматыдағы жоғарғы оқу орындарымен студенттерді орналастыру туралы келісімге келмегені жазылған.

Қайтыс болғандардың арасында төртеуі – шетел азаматтары. Екеуі Ресей азаматы болса, екеуі Өзбекстан тұрғындары.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев бұл іс Бас прокуратураның бақылауына алынғанын хабарлады.