Магистратура, резидентура немесе докторантураға өтінім беру басталды

Жарияланды
Магистратура, резидентура немесе докторантураға өтінім беру басталды / shutterstock

2023 жылы 26 желтоқсаннан бастап 2024 жылдың 10 қаңтары аралығында магистратура, резидентура немесе докторантураға түсу үшін өтінім беру жалғасады.

Өтінімді eGov.kz порталы арқылы жіберу қажет. Магистратура, докторантура немесе резидентураға мемлекеттік грантқа да, ақылы білімге де өтінім беруге болады.

Өтінім беру үшін eGov.kz порталына тіркеліп:

  • «Азаматтарға» – «Білім» – «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөліміне өту керек.
  • Содан кейін «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдау қажет.

Оқуға тапсыру үшін қажетті құжаттар:

  • Жоғары білім туралы құжаттың немесе интернатураны бітіру туралы куәліктің сканерленген көшірмесі;
  • Тіл білетіні туралы бағдарламалар бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF) сынақ тапсыру туралы сертификаттың сканерленген көшірмесі;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • Өлшемі 3×4 см. болатын цифрлық фото;
  • 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына қолма қол тапсыруға да болады.

Айта кетейік, қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 29 желтоқсаннан басталады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. 

Осыған дейін әлемдегі және Қазақстандағы оқу ақысы туралы жазған едік. Жоғары білім бойынша жетекші халықаралық және іздестіру жүйесі UniRank мәліметтеріне сәйкес, әлем бойынша ресми танымал 20 мыңнан артық университет бар. Онда шамамен 235 миллион студент оқиды. UniRank рейтингінде ең жақсы университеттер АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Оңтүстік Корея, Малайзия, Австралия, БАЭ, Қытай, Түркия және басқа елдерде орналасқан.

2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны шамамен 600 мың адам болды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу құны 250 мың теңгеден бастап 9 млн теңгеге дейін. Оқу құнының белгіленуі орналасқан жері және беделіне тәуелді. Алматы университеттеріндегі ең жоғары бағалар КИМЭП мен КБТУ-да тіркелсе, Астанада – Назарбаев Университеті. Ең арзан университеттер Шымкент қаласында.

Сарапшылардың айтуынша, баланың жоғары оқу орнында оқуына қор жинау процессін жеңілдетудің бірнеше қолайлы әдісі бар. Оқу депозитін пайдалануға болады. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап білім берудің Мемлекеттік жинақтаушы жүйесі (ГОНС) шеңберінде қазақстандықтар үшін өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы қолжетімді болды. 

Сондай-ақ оқыңыз