ФРЖ хаттамасы инвесторлардың үмітін ақтамады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
ФРЖ хаттамасы

ФРЖ хаттамасы америкалық та, азиялық та қор нарықтарына кері әсер етті. Бұл хаттамада негізгі мөлшерлеме жақын арада төмендемейтіні жазылған.

Нәтижесінде АҚШ қор нарықтары сәрсебіні «қызыл түсте» аяқтап, S&P 500 – 0,8%, Dow Jones – 0,76% және Nasdaq 100 1,2%-ға төмендеді. S&P индексіндегі 11 сектордың сегізінің акциялары арзандады. Технологиялық компаниялар қатарынан төртінші рет құлдырады: Tesla (-4%), Broadcom (-2,5%), Nvidia (-1,2%). Мұнай мен газ секторы керісінше, мұнай бағасының өсуіне байланысты жоғары нәтиже көрсетті, Chevron 1,9% және Exxon Mobil 0,8% өсті. ISM деректеріне сәйкес, өңдеу секторы баяу қарқынмен болса да, әлі де қысқарып жатыр.

Сәрсенбі күні Еуропа қор нарықтары да құлдырауын жалғастырды. STOXX 600 индексі – 0,9%, DAX 40 1,4%-ға төмендеді. Германиядағы жұмыссыздық деңгейі 11 ай қатарынан өсіп, 2021 жылдың мамырынан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Maersk акциялары Goldman Sachs рейтингін жаңартқаннан кейін 5%-ға қымбаттады, ал Atos акциялары IT-компаниясының BDS бірлігін сатып алу жайлы келіссөз жүргізіп жатқанына қарамастан 2%-ға төмендеді. ASML акциялары Голландия үкіметінің Қытайға жартылай өткізгіштерді экспорттау лицензиясын ішінара қайтарып алу туралы шешімінен кейін екінші күн қатарынан арзандап тұр.

Жапонның Nikkei 225 индексі бейсенбі күні 1%-ға төмендеп, 33 090-ға жетті. Tokyo Electron (-5,1%), Disco Corp (-6,6%), Lasertec (-5,8%) және Socionext (-4,2%) сынды компаниялардың акциялары арзандады.

Сонымен қатар, Shanghai Composite индексі 0,9%-ға төмендеп, 2941 тармақты құрады. Қытайдың жеке секторының белсенділігі желтоқсан айында 12-ай қатарынан өсті, өндіріс пен қызмет көрсету секторлары да жақсарды. Longi Green Energy (-2,5%), Seres Group (-3,2%) және Contemporary Amperex (-3,4%) акциялары арзандады.

KASE индексінің мәні 0,19%-ға өсіп, 4 195,23 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында жасалған мәмілелердің басым бөлігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларына тиесілі – 1 721. Көлемі жағынан «Қазақтелеком» АҚ акциялары озды – 667,8 млн. «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,63%), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,98%), «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (+0,48%) және Kaspi.kz (+0,44%) акциялары өсім көрсетті.

Әлемдік қор нарықтары 2024 жылдың алғашқы сауда күнінде әр түрлі көрсеткіш байқатқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз