Жаңалықтар

Қытайда жерасты тербелісі жалғасып жатыр

7 балдық жойқын зілзала
Қытайда жерасты тербелісі жалғасып жатыр / kursiv.media

Қытайда жерасты тербелісі әлі де жалғасып жатыр. Қытай сейсмология орталығы соңғы рет жерасты дүмпу Шыңжаң автономиясындағы Қызыл аймағында болғанын жазады.

Орталық ақпаратына сүйенсек, Бейжің уақытымен сағат 18:30 дейін (Астана уақытымен 16:30) 57 жерасты тербеліс болған. Осы уақытқа дейінгі соңғы тербеліс Шыңжаң автономиясындағы Қызыл аймағында тіркелген. Магнитудасы 3,3 балл. Дүмпулердің барлығы Қытайдың Қырғызстан мен шекаралас аумағындағы Ақсу және Қызыл аймақтарында болған. Түнгі жер сілкінісінен кейін ең үлкен тербеліс сағат Бейжің уақытымен сағат 03:36 шамасында Қызылда болған, магнитудасы 5,3 баллы.

Қытайдың ССTV агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінен кейін аймақта 3 зардап шеккен, олардың жағдайы қазір қалыпты. Түнгі жер сілкінісінен кейін елдің оңтүстік-шығысындағы әскери күштері мен полициясы халыққа көмек көрсету үшін күшейтілген режимге көшіп, аймаққа жол тартқан.

Еске сала кетер болсақ, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды. 

Бұл жағдайға байланысты Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындарды ашты.

Жер сілкінісінен  8 адам зардап шеккен. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген

Алматыдағы жер сілкінісінен бұрын тұрғындарға ескерту СМС-хабарламалары келмеген. Бұдан бөлек, қалада Дабыл қағылмаған. Бүгін өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасау құралдарының неліктен іске қосылмағанын түсіндірді.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтің айтуынша, жер сілкінісі кезінде Дабыл тек 5,5 баллдан асқан кезде қағылады.

«Қалада 843 электрлі дабыл қағу құрылғылары бар. Бұл қаланы 100% қамтып отыр. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 баллдан асқан кезде ғана дабыл қағылады. Ал түнде қалада болған тербеліс күші 4-5 балл шамасында болды. Сондықтан ажиотаж тудырып, елді бекер дүрліктірмеу үшін дабыл қағылмады», – деді Атығаев.