Алматы қаласы Медеу ауданы Тау-Самалы шағын ауданында сағат түнгі 2:20 шамасында лай көшкіні түсіп, оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдай министрлігінің ақпаратына сүйенсек, суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жер үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Ақпаратқа сәйкес, екі үйде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.
Оқиға орнына қала әкімі Ерболат Досаев келді. Оның айтуынша, құтқару жұмыстары түнгі 3 бері жалғасып жатқанын айтты.
«Негізгі мақсат – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеуге жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет»,- деді Ерболат Досаев.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары № 47 мектепке эвакуацияланды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетіліп, кейіннен тұрғындар өз еріктерімен туыстарының үйіне кеткен.
«Оқиға орнында «Қазселденқорғау» ММ, Алматы қаласының «109 құтқару қызметі» ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
Оқиға орнында дәрігерлер бригадасымен ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр.
Құтқарушылар зардап шеккен азаматтарды іздеп жатыр. Алайда оқиға орнында үйлер жақын орналасқандықтар, техниканы қолдану мүмкін емес.
ТЖМ тек ресми деректерге сенуді сұрайды.
Еске сала кетсек, ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді.
Алматыда болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккен. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген.
Бұл төтенше жағдайда дабыл қағылмады. Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі кезінде дабыл 5,5 баллдан асқан кезде қағылатынын айтты.
«Қалада 843 электрлі дабыл қағу құрылғылары бар. Бұл қаланы 100% қамтып отыр. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 баллдан асқан кезде ғана дабыл қағылады. Ал түнде қалада болған тербеліс күші 4-5 балл шамасында болды. Сондықтан ажиотаж тудырып, елді бекер дүрліктірмеу үшін дабыл қағылмады», – деді Атығаев.
Сонымен бірге Алматы қаласы ТЖД тапсырысы бойынша 2023 жылдың соңына қарай зілзала жайлы ерте хабарлау автоматтандырылған жүйесінің 28 сейсмикалық стансасының құрылысы аяқталғанын хабарлады. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асқан. Яғни 2022 жылы 11 сейсмикалық станса салынса, 2023 жылы 17 сейсмикалық станса салынып біткен. Жер сілкінісін ерте хабарлау жүйесі қазір тәжірибелік пайдалануға берілген. Шетелдік тәжірибеге сәйкес, апробациялық кезеңнен өтіп жатыр және сынақ режимінде. Жүйе әлі алты ай сынақтан өтед