Энергетика министрлігі Степногор ЖЭО-да апаттар мен технологиялық бұзушылықтар болмағанын растады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін кейбір БАҚ-да Степногорск қаласының ЖЭО-да болған апат туралы хабарлады. Жоғарыда аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз»-делінген хабарламада.
Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, «KEGOC» АҚ электр беру желісінің істен шығуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын беруді төмендетті. ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар жоқ.
«ЖЭО-ны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Жылу желісінің температурасын көтеру жұмыстары басталды»-делінген хабарламада.
Осы факті бойынша Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тергеуді бастады.
Еске сала кетсек, Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтып, тұрғындар тағы да жылусыз қалды деп жазған едік.
«KEGOC» АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтты. Жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтар жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары басталып кеткен.
Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің бұзылуын болдырмау үшін желілік судың айналымы ұйымдастырылған.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсан күні «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС Екібастұз жылу электр орталығында апат болғанын хабарлады. Станцияның күл шығаратын құбырынан ақау шыққан болатын.
Ал 8-ші желтоқсанда Степногорск қаласы жартылай жылусыз қалды. Онда жылу құбырлар жүйесінде апат болған.
Осы мәселеге байланысты Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері Президентке аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді. Тоқаев оларға апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеуді. Халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді тапсырды. Барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды тапсырды.