Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» 2023 жылы мұнай-газ өндіру мен тасымалдау көлемін арттырған

ҚМГ 2023
ҚМГ 2023 жылы 23,5 млн тонна мұнай мен газ өндірген. Фото: kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы 2023 жылы 23,5 мл тонна мұнай мен газ конденсатын өндірген. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,9 пайызға артық. Жалпы ҚМГ былтыр көмірсутек өндіру, тасымалдау және сату көрсеткішін арттырған. Бұл жайында компанияның өндірістік нәтижесінда жазылған.

Ал ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 14,8%-ға артып, 9,46 млрд текше метрді құраған.

Тәуелсіз аудиторлардың бағалауынша, қазіргі кезде ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры 733 млн тоннаға тең, 2022 жылмен салыстырғанда барланған өор деңгейі 3,7%-ға өсті.

Былтыр ҚМГ магистральды құбырлар мен теңіз арқылы 80,3 млн тонна мұнай тасымалдаған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, мұнай тасымалы 7,6%-ға артқан. Бұл ретте магистральды құбырлар арқылы 69,5 млн тонна мұнай жөнелтілген. Ал теңіз арқылы 10,7 млм тонна қара алтын тасымалданған.

2023 жылы компания өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 7,1%-ға артып, 23,7 млмн тоннаны құраған.

Ұлттық компанияның 223 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы таза пайдасы 18,3%-ға төмендеген еді. Былтыр 9 айда $2 532 млн таза пайда тапса, биыл үш тоқсанда пайда 2 млн доллардан сәл ғана асқан. Компания табысына өндіріс көлемінің артуы да әсер ете алмаған.

“ҚазМұнайГаздың» негізі 2002 жылы қаланды. Бүгінге оның 67,42% акциясы «Самұрык-Қазынаға» тиесілі. 20 пайыз акциясына Қаржы министрлігі иелік етеді. Қалғаны Қазақстан Ұлттық Банкі мен (9,58%) жеке акционерлердің (3,00%) иелігінде. 2022 жылдың соңындағы «ҚазМұнайГаздың» IPO-сы кезінде компанияның 3% акциясы сатылған.

2023 жылы Ұлттық банк Ұлттық қор қаржысына «ҚазМұнайГаз» компаниясының 122 млн акциясын сатып алады.