ЕАДБ Еуразия құрлығындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын ұсынады

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор
ЕАБР рассказал, что нужно сделать, чтобы страны ЕАЭС смогли расширить партнерство

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Еуразия құрлығындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытудың 12 түрлі шешімін ұсынады. Бұл туралы «Еуразиядағы экономикалық ынтымақтастық: практикалық шешімдер» атты баяндамасында жазылған. Кешенді ұсыныстар тізбесі инфрақұрылым (көлік, су-энергетикалық кешен және азық-түлік логистикасы), сауда, қаржы және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

«Бұл жұмыстың мақсаты – Еуразия мемлекеттері арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған прагматикалық қолданбалы шешімдер тізімін жасау», – делінген хабаламада.

Баяндамада ұсынылған 12 шешімнің алғашқы үшеуі аймақтағы көлік инфрақұрылымын дамытуға арналады. Алғашы ұсыныс – Еуразиялық көлік желісін құру. Ол халықаралық шығыс-батыс және солтүстік-оңтүстік көлік дәлізі мен маршруттарын кешенді дамытуға бағытталған. Бұл бірлескен инфрақұрылымжобалары мен инвестиция, инфрақұрылымды дамытудың ұлттық жоспарларын үйлестіру және осы саладағы ынтымақтастықты қажет етеді.

Еуразиялық көлік байланысының интеграцияланған картасын құру – өңірді кесіп өтетін негізгі көлік дәліздері мен маршруттарын кескіндеуге мүмкіндік береді. Одан бөлек сарапшылар трансшекаралық байланысты нығайтуды ұсынады. Трансшекаралық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалану үкіметаралық келісімдер жасау және инвестиция көзін іздеуді талап етеді.

Төртінші шешім – Арал теңізі бассейніндегі су-энергетикалық ресурстарды басқаруды тиімді реттеу қағидаттары жүйесін әзірлеу және енгізу. Сарапшылар халықаралық су-энергетика консорциумын құру және қаржы операторын тарту, суды үнемдеу бойынша KPI қою, суару техникасын құрудың өңірлік өндірістік-сервистік механизмін құру қажетін атап өтеді.

Су тапшылығы мәселесін шешу жолы қандай?

Одан кейінгі ұсыныс та су мәселесіне арналған. Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы үш жақты ынтымақтастықты Ертіс өзені бассейнінде 3 елдің тұтынушыларының су алуға сұранысының артуына, су тапшылығы қаупіне және сумен жабдықтаудың нашарлауына байланысты мәселелерді шешуге бағыттаған жөн.

Алтыншы шешім – трансшекаралық электр беру желілерін дамыту. Ол кей елде туындаған электр энергиясы тапшылығын жоюға және басқаларында артық өндірілген электр энергиясын ұтымды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Шешім тетіктері мүдделі елдердің электр жеткізу желілерін біріктіру, үкіметаралық келісімдер, МЖӘ қағидаттары бойынша жұмыс істейтін трансшекаралық электр желілерін құруды қажет етеді.

Жетіншіден, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту. Оның шеңберінде азық-түлік логистикасының басымдығы көлік инфрақұрылымын дамыту, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, құжат айналымын цифрландыру керек.

Қазір дамушы елдермен еркін сауда туралы сауда-экономикалық келісім әзірлеу – сауда-инвестициялық қатынастарды дамытудың орталық құралы болып тұр.

Тоғызыншы шешім – орталық банктер цифрлық валюталарының техникалық үйлесімін арттыру. Ол халықаралық төлем инфрақұрылымына тәуелділікті азайтуға және жаңа сауда-қаржылық инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал етеді. ЕАДБ сарапшылары инвестиция ағыны бойынша ынтымақтастықты нығайтуды ұсынады. Бұл ынтымақтастық 7 бағыт бойынша жүруі мүмкін. Қаржы саласына қатысты тағы бір ұсыныс – көпбағытты жасыл қаржыландыруды енгізу.

ЕАДБ мамандары ұсынған соңғы шешім – аймақтағы академиялық мобильділікті дамытуды қамтиды. Ол бойынша мамандарды Үлкен Еуразия елдерінде оқытуға арналған грант бөлу, білім бағдарламарында жүзеге асыру қарастырылған.

Банк 2024 жылы Қазақстан экономикасы 5%-ға көтеріліп, инфляция 7,1%-ға дейін төмендейді деп болжаған.

Сондай-ақ оқыңыз