Қаңтар айында халықтың еуроға деген сұранысы артқан

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор
еуроға
Фото: shutterstock.com

Халықтың еуроға деген сұранысы артқан. Қаңтарда ақша айырбастау пунктеріндегі еуроның таза сатылымы 21,6 млрд теңгені құрады. Бұл – 2023 жылдың мамырынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі шетел валютасын қолма-қол сату/сатып алу дерегін жариялады.

Желтоқсан айымен салыстырғанда еуроға деген сұраныс 67%-ға өскен. Бұл сұраныстың шамамен 40%-ын Алматы қаласы қамтамасыз еткен. Алматылықтар өткен айда 8,7 млрд теңгеге еуро сатып алған.

Долларға келер болсақ, қаңтар айында қазақстандықтар айырбастау пунктерінен 190 млрд теңгеге көкқағаз сатып алған. Сұраныс желтоқсанмен салыстырғанда 20 пайызға төмендегені байқалады. Дегенмен жылдық мәндегі көрсеткіш +62% өскен.

Былтыр жыл соңында доллар мен еуро сату көлемі аздап өскен болатын. Желтоқсан айында айырбастау пунктері 237,8 млрд теңгеге доллар сатса, 12,9 млрд теңгеге еуро айырбастаған.

Өткен айда рубльдің таза сатылым 4,8 млрд теңгені құраған. Бұл желтоқсандағы көрсеткіштен 17%-ға төмен. Жалпы былтыр қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы төмендеген болатын.

2023 жылдың қыркүйегінде халық Ресей рублін жаппай сатып жатты. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 2,7 млрд теңге еді. Қазан айында сол үрдіс жалғасып, айырбастау пунктерінде рубльді нетто-сатып алу көлемі 6,13 млрд теңгені құраған.

Қарашада халық қолда бар рублін айырбастауды жалғастырды. Бұл айда 3,1 млрд теңгеге ресей рублі айырбасталған. 

Желтоқсан айында Қазақстандағы ақша айырбастау пунктер 5,8 млрд теңгеге рубль сатқан. Яғни халықтың рубльге деген сұранысы сәл артқанымен, жылдық мәнде ел тұрғындары қолындағы рубльді сатып отырған.  

Сондай-ақ оқыңыз