ҚДКБҚ жеке тұлғалардың депозиті бойынша шекті мөлшерлемелерді бекітті

Жарияланды
Шығарушы редактор
шекті
Наурызда депозит мөлшерлемесі қандай болады? Фото:shutterstock

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры наурыз айына жеке тұлғалардың теңгедегі депозиті бойынша шекті мөлшерлемені бекітті. Ақпан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, кейбір депозиттердің мөлшерлемесі сәл азайған. Дегенмен мерзімі 24 айдан асатын, толықтыруға болмайтын депозиттердің мөлшерлемесі екі есе дерлік өсіп, 6,4%-дан 12,3%-ға жеткен.

Өзге депозиттер бойынша мөлшерлеме аздап төмендеп, не бұрынғы деңгейінде қалған. Мерзімсіз салымдардың мөлшерлемесі 14,3% деп белгіленген. Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 0,5%-ға аз.

Толықтыру құқығы бар салымдардың арасында 6 және 24 айлық депозиттердің мөлшерлемесі азайды. Сәйкесінше 17,5% бен 8,1% деп белгіленген. Мерзімін 24 айдан асатын, толықтыру құқығы бар депозиттердің мөлшерлемесі 11 пайыз болмақ.

Толықтыру құқығынсыз мерзімді салымдар, оның ішінде жинақ салымдардың ішінде 1-6-12 айлық депозиттердің шекті мөлшерлемесі аздап кеміген. Есесіне мерзімі 24 ай мен 2 жылдан асатын жинақ депозиттердің мөлшерлемесі өскен.


Салым санаты
Сыйақының шекті мөлшерлемесі
Наурыз 2024
1.Ұлттық валютадағы салымдар
1.1Мерзімсіз салымдар14,3
1.2Толықтыру құқығымен мерзімді салымдар, оның ішінде жинақ салымдар:
1 ай15,7
6 ай17,5
12 ай15,5
24 ай8,1
24 айдан астам11,7
1.3Толықтыру құқығынсыз мерзімді салымдар, оның ішінде жинақ салымдар:
1 ай16,2
6 ай18,7
12 ай16,5
24 ай13,5
24 айдан астам12,3
Дереккөз: ҚДКБҚ сайты

Бұған дейін «Курсив» банктердегі жинақтың қай түрі тиімді, депозит таңдағанда неге мән берген жөн екенін жазған.

Сондай-ақ оқыңыз