Қазақстандық мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 21-31 наурыз аралығына келіп, он күннен асады. Бұл туралы ҚР Оқу ағарту министрлігі хабарлады.
Қазақстандық мектептерде үшінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушылардың көктемгі демалысы Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келеді. Сондықтан наурыз айында қазақстандық оқушылар жаңа жылдан да көп – 11 күн демалады.
Өткен жылдың қазан айында ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқушылар үшін оқу жылының басталуы және ұзақтығын, сондай-ақ 2023-2024 оқу жылындағы каникул кезеңдерін бекітті. Күзгі демалыс жеті күн, ал қысқы демалыс он күн болған еді.
Үшінші тоқсан барлығы 10 оқу аптасына созылды, ал төртінші тоқсан сегіз аптаға созылады. Оқушылар 25 мамырда оқу жылын қорытындылайды.
2023 жылы оқушылар алғаш рет 31 мамырға дейін оқыды. Қоғамдық пікірталас пен сыни пікірлерден кейін соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарылды.
Былтыр көктемгі демалыс 20-31 наурыз аралында болып, 12 күнге созылған еді.