Жаңалықтар

Bitcoin бағасы 70 000 доллардан асты

Bitcoin бағасы 70 000 доллардан асты / shutterstock

25 наурыздағы сауда нарығының нәтижесі бойынша Bitcoin бағасы 7,15% өсіп, апта ішінде 70 900 долларға дейін қымбаттады.

Reuters ақпаратына сүйенсек, Binance криптовалюта сауда-саттығының көлемі бойынша ең ірі биржасында биткоин бағасы 70 569 долларға дейін қымбаттады.

CoinMarketCap порталының мәліметі бойынша, биткоиннің құны 8,94% өсті, орташа есеппен 70 534 долларға дейін өскен.

Биткоин бағасының өсуі

Биткоиннің рекордтық өсімі шамамен 1500 жаңа әмиян иесін «миллионерге» айналдырылған. Әмиян – пайдаланушылар криптовалютаны сақтай алатын Bitcoin blockchain-дегі сандық мекенжайлар.

Әмиянда сақталған биткоин саны сынды деректер қолжетімді. Мекенжайлар анонимді, бұл жеке немесе заңды тұлғалардың бақылауында екенін анықтауды қиындатады. 

4 наурызда нарықтық құны әлемдегі ең танымал крипто валюта биткоиннің бағасы жыл басынан бері 50% өскені туралы жазған едік. Негізгі баға АҚШ-тағы акциялардың сауда-саттық көлемінің өсуіне байланысты болған.

Азия нарығы ашылған кезде баға 64 285 долларға жетті. Бұл 2021 жылдың аяғында тіркелген рекордтан кейінгі ең жоғары деңгей болған. Ол кезде биткоин бағасы 68 999,99 доллар болған.

«Биткоин ағыны таусылмайды. Себебі баға өскен сайын инвесторлар өздерін сенімді сезінеді»,  – дейді Crypto analytics house зерттеу бөлімінің басшысы Маркус Тилен.

Айта кетейік, 2024 жылдың 27 ақпанында биржада биткоин құны 3,6%-ға өсіп, 56,422 мың долларды құрады. Техникалық талдау тұрғысынан биткоин бағасы 58 400 долларға өсіп, содан кейін 62 000 долларға жетуі мүмкін деген болжам болған.

Биткоин бағасы қаңтар айының ортасынан бері өсті. Бұған дейін осы деңгейден жоғары криптовалюта саудасы 12 қаңтарда тіркелген еді. Қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш – 48,9 мың долларға жеткеннен кейін, танымал криптовалюта шамамен 20%-ға арзандады.

Кейін баға құбылып, 42-43 мың доллар аралығында қалыптасқан. 2024 жылғы 4 ақпандағы сауда да биткоиннің орташа бағасы 46 719 долларды құрады.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының (SEC) Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунтын бұзып, биткоинға тікелей инвестиция салуға болатын ETF-тің қосылатыны туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, былтыр кіші валюталар әсерінен крипто нарығындағы биткоиннің үлесі 50% төмендеді деп хабарладық.