Жаңалықтар

Air Astana ұшақ қозғалтқышын өндіруші Pratt & Whitney компаниясынан өтемақы алатын болды

Air Astana өтемақы алатын болды Фото: shutterstock.com

Air Astana ұшақ қозғалтқышын өндіруші америкалық Pratt & Whitney компаниясынан өтемақы алатын болды. Сонымен қатар әуе флотын да жаңартпақ. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жолдаған ақпаратында жазылған.

Тараптардың келісімі бойынша, «Эйр Астана» GT нео қозғалтқыштарынан туындаған қиындықтарға байланысты өтемақы және басқа да қолдау алады.

Air Astana Group сонымен қатар IAE компаниясымен алтыншы PW1100 қосалқы қозғалтқышын сатып алу туралы келісімге отырған. Топтың қозғалтқыш ақауларын азайту жоспарына сәйкес, олар 2024 жылдың сәуір айында жеткізілмек. Оған қоса FlyArystan 2025 жылдың бірінші тоқсанында жеткізу үшін екі A320ceo ұшағын лизингке алу туралы келісімге отырды.

2023 жылдың шілде айында Pratt & Whitney кейбір қозғалтқыш бөлшектерін жасауға қолданылатын металл ұнтағының сирек жағдайы ұшырағанын хабарлады. Бұл жоғары қысымды турбинаның бірінші және екінші сатыдағы дискілерді жарып, оларды істен шығаруы мүмкін.

Бұл мәселе GTF PW1100G-JM және pw1400g-JM қозғалтқыштарына қатысты еді. Ол бүкіл әлем бойынша көптеген авиакомпанияға әсер етті. Бұл қозғалтқыштар A320 және A321 ұшақтарында орналастырылған.

Ал Air Astana-ның 17 ұшағында (компанияның әуе паркінде 49 ұшақ бар) Pratt&Whitney қозғалтқыштары орнатылған. 2024 жылдың қаңтарында сарапшылар әуе рейстерін қысқарту қаупі туындап тұр деп дабыл қақты.

Ертесі әуе компания бұл мәселені шешіп жатқанын мәлімдеді. Air Astana бес A320(CEO) ұшағын сатып алатынын хабарлады. Бұл өз кезегінде қозғалтқышқа қатысты өзгерген ұшу кестесіне оң әсер етпек. 

Компания мәселені шешу үшін ұшақтарға арнайы қозғалтқыш сатып ала бастаған. Баспасөз қызметінің мәліметінше қажет болған жағдайда оларды жалға алу мәселесі қарастырылады.

Air Astana әуе компаниясы PW1100 қозғалтқыштарындағы техникалық ақаулардың әсерін жою және азайту үшін ертерек шаралар қабылдады. Өткен жылдың күзінде «Эйр Астана» флотындағы бір P&W қозғалтқышы сынақтан өтіп, әуе компаниясы оны дереу ауыстырды. Бүгінгі таңда бес қозғалтқыш қосалқы ретінде жеткізілді, алтыншысы келеді деп күтілуде, қосымша қозғалтқыштарды жалға алу бойынша келіссөздер жүргізілуде»,- делінген хабарламада.

Қазақстандағы жолаушылар ағыны 2019 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың соңына қарай 53 пайызға артқан. «Эйр Астана» нарықта мықты позицияға ие: ішкі бағыттардағы үлесі  – 69% және халықаралық бағыттардағы үлесі – 53%.

Қазіргі кезде Air Astana-ның 44 пайыз акциясы KASE, AIX және LSE биржасында еркін айналымда жүр. IPO-дан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниядағы үлесі 51%-дан 41%-ға дейін азайды. Ал BAE Systems PLC-тікі 49%-дан 15,3%-ға дейін төмендеген.