Электр энергиясымен жабдықтаушы компаниялар лицензиясынан неге айырылып жатыр?

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор
жабдықтаушы
Электрмен жабдықтаушы компаниялар неге лицензиясынан айырылып жатыр? Фото: shutterstock

Электр энергиясымен жабдықтаушы ондаған компанияның лицензиясы осы салада жүргізіліп жатқан реформа аясында тоқтатылған. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Бұған дейін энергиямен жабдықтаушы компаниялар қауымдастығы үкіметтің осы салада монополия орнатуға тырысып жатқанына айтып дабыл қаққан.

«Реформаның бірінші кезеңінде реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды ғана қалдыру жоспарланған. Олардың қызметін, көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мақсатында Тиісті министрліктің шешімімен реттелмейтін компаниялардың лицензиялары тоқтатылды», – деді ол журналистерге.

Министр Ұлттық экономика және Энергетика министрлігі электр энергиясы нарығының инфрақұрылымын реформалау аясында компаниялардың лицензиясын не үшін тоқтатқанын айтып өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, нарық құрылымында: электр энергиясын өндіретін энергия өндіруші ұйымдар, электр энергиясын тарататын компаниялар – өңірлік электр желілері компаниялары, «KEGOC» компаниясы – электр энергиясын магистральдық желілер арқылы тасымалдайтын ұлттық оператор бар. Одан бөлек тұтынушы мен электржадбықтаушы компаниялар да кіреді. Олар энергия өндіруші компаниялардан электр энергиясын сатып алып, соңғы түтынушыға қайта қымбатқа сатады», – деді Сәтқалиев.

Министр реформаның бірінші кезеңінде реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясы тоқтатылатынын, ал реттелетін ұйымдар жұмысын жалғастыра беретінін айтты.

Ал Қазақстанның энергиямен жабдықтаушы ұйымдары қауымдастығы Үкіметке жаппай шағым түсіріп жатыр. Энергетиктер Ұлттық Экономика және Энергетика министріне үндеу жолдады. Кәсіпорындар электр энергиясын сатып алуға берілген негізгі лицензияларды қайтарып алу туралы шешімімен келіспейтіндерін жеткізді.

Қауымдастық өкілдері қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының үлкен секторы – электрмен жабдықтау секторына монополия орнату әрекеті жүріп жатқанын айтады. Электрмен жабдықтау секторы электр энегиясын жеткізу саласымен біріктірілмек.

Аталмыш сектордың жылдық айналымы орта есеппен 1,5 трлн. теңгені құрайды. Бұл компаниялардың қызметін бүкіл ел тұтынады. Қауымдастық құрамындағы компаниялар бұл бір қайнауы кем шешім екенін айтады. Өйткені бұл ұсынысты нарық өкілдері жан-жақты талқыланбаған көрінеді.

Қауымдастық басшысы Сергей Агафонов  осы реформа салдарына елдері 100-ден аса компания банкрот болады дейді. Сондықтан кәсіпорындардың шығынын толық өтеу мәселесі де көтерілуде.

Энергиямен жабдықтау нарығындағылар саланың бір бөлігі ретінде оларды жойғанымен, тариф құны төмендемейді дейді. Қауымдастықтың мәліметінше, электр энергиясының тариф құрылымын жабдықтау үстемесі 2-3 пайызды құрайды. Қалғаны – электр энергиясын өндіру мен тасымалдау шығындары.

Сондай-ақ оқыңыз