Жаңалықтар

Депутат жылқылардың жаппай қырылуына байланысты Ұлытауда ТЖ режимін енгізуді ұсынды

Депутат жылқылардың жаппай қырылуына байланысты Ұлытауда ТЖ режимін енгізуді ұсынды / коллаж kursiv.media

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысында жылқылардың жаппай қырылуына байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы ұсыныс тастады.

Депутат премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында шаруаларды «малды тегін вакцинациялау және ауыл шаруашылығын дамытуға алған несиелерін кешіру» арқылы қолдау қажет екендігін айтқан.

Ол мәселені Мәжіліс қабырғасында көтеріп, Ұлытау облысы ауылдарында жүзден астам жылқы көтерем болып, Қаражалда 566-дан астам жылқы өлекселері жиналғанын айтты. Сонымен қатар жұт Ақмола және Қарағанды облыстарында да байқалатынын атап өтті.

«Осындай қиын жағдайға тап болған халыққа мемлекет тарапынан жедел қолдау қажет. Бірақ көмек көрсетуге кешігіп қалдық. Жайылымдарды тазарту, жемшөп тарату және малды сақтау әрекеттері жеткіліксіз болды»,– деді депутат.

Сатыбалдин жағдайды шешудің орнына мемлекеттік органдар 67 жылқының өлімін тіркеумен шектеліп, аймаққа комиссия жібергенін айтады.

Осыған байланысты бірнеше ұсыныс жасады:

  • Ұлытау облысында төтенше жағдай режимін енгізу;
  • жұттан шаршаған шаруалар мен өлген малдың санағын жүргізу және тіркелмеген малды тіркеуге рұқсат беру;
  • жұттан шаршаған шаруаларға қолдау ретінде Ауыл шаруашылық мақсаттарына алынған несиелерді кешіру;
  • мемлекет есебінен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру. 

28 наурызға дейін Ұлытау облысында өлген жылқылардың 1 475-інің өлексесі жойылған. Мемлекеттен қолдау және басқа да жеңілдіктер алу үшін мал ресми түрде тіркелген болуы керек. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангелді Бердалин мәлімдеген.

Бұған дейін Ұлытау мен Ақмоладағы жұттан жайылымда қырылған жылқы саны қаншаға жеткенін жаздық. Қымызымен аты шыққан Жаңаарқа ауданының жұрты әлеуметтік желілерде жылқыға жұт келгені жазылды. Тұрғындардың айтуынша, далада жатқан өлекселердің саны бүгінде 2000-ға дейін жеткен. 

Ұлытауда жұттың алдын алуға 2023 жылы күзде 1,4 млрд теңге бөлінген. Бірақ бұл қаржы өңірде жылқыға келген жұтқа кедергі бола алмапты.

пейтінін жеткізді. Ол бұл саланың 90-шы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда дамығанын жеткізді.