Банк пен қаржы

Kaspi.kz акцияларының құлдырауына не себеп?

Акции Kaspi назвали "якорем"
shutterstock.com

Freedom Broker сарапшылары Kaspi.kz акцияларының арзандауына дивиденд бөлінісінен бөлек басқа факторлар да әсер етті деп тұжырымдайды Kaspi финтех акциялары кеше 5,1% арзандаса, бүгін 5,2% жоғалтқан.

«Бұған дейін атап өткеніміздей, дивиденд бөлінісі жергілікті қайта сатып алынған қағаздарды сатып жіберуге сылтау болды. Өйткені тоқсандық дивиденд кірістілігі айтарлықтай төмен. Оған қоса, Kaspi мен Halyk bank-тің төлем саласындағы ықпалын азайту үшін Ұлттық банк келер жылдан әмбебап төлем жүйесін енгізетіні белгілі болды», – деп жазады сарапшылар.

NYSE қор биржасында компанияның ҒДҚ-сы арзандаған. Бүгін акциялар 5,2 пайыз арзандағанын ескерсек, ADS пен қарапайым акциялардың бағасы бірдей болып қалған.

Freedom Broker сарапшылары Kaspi.kz акциялары Нью-Йорк биржасында 2,4%-ға төмендеген кезде «бұл алғашқы маңызды белгі болуы мүмкін» екенін айтқан.

Ал кешегі шолуында компания акцияларының арзандауына дивиденд бөлінісінің де ықпал еткенін жазған еді. Мамандар тоқсандық дивиденд көлемі кірістіліктің 1,43% ғана құрайтынына назар аударып, себеп тереңде жатыр деген.

8 сәуірде Кaspi.kz акцинерлері 2023 жыл үшін төленетін дивиденд мөлшерін бекіткен. Финтех бір жай акцияға 850 теңге төлейді. Бұл соманы айналымда жүрген акциялар санына көбейтсек, шамамен 161 млрд теңгені құрайды.

Ал ҰБ басшысы Тимур Сүлейменов Bloomberg басылымына берген сұхбатында Ұлттық банк ірі банктердің еліміздегі төлем жүйесіндегі ықпалын әлсіретуді жоспарлап отырғанын айтқан. Өйткені қазіргі кезде қазақстандық екі несие ұйымы төлемдердің 80-90 пайызын бақылайтын олигополия құрған.

2025 жылы Қазақстанда бірыңғай QR-код негізінде жұмыс істейтін жаңа төлем жүйесі енгізілмек. Ол арқылы кез келген банк қосымшасынан төлем жасауға болады. ҰБ басшысының айтуынша, бұл жоба кейбір банктердің кірісінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Kaspi.kz аударымдар мен төлемдердің шамамен 70%-ына жуығын өңдейтіні айтылды. Оған қоса Сүлейменов бизнесті несиелендіруді ынталандыру және тұтынушылық несиені азайту шаралары әзірленіп жатқанын мәлімдеді.