Жаңалықтар

Каспий құбыр консорциумы 2025 жылы үш жылжымалы айлақтық құрылғысынан мұнайды бір уақытта тиеуге дайындалуда

КҚК
t.me/caspian_pipeline

Каспий құбыр консорциумы 2025 жылы үш жылжымалы айлақтық құрылғысынан мұнайды бір уақытта тиеуге дайындалуда. Қазіргі уақытта компания олқылықтарды жою бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы бағдарламаның төртінші кезеңінде қысымды реттеу қондырғыларын және қысымды төмендету станцияларын техникалық тұрғыдан қайта жабдықтау көзделген.

«Бұл техникалық шешім мұнайды танкерге тиеу үшін мұнай мөлшерін өлшеуге арналған кез келген жаңа жүйе арқылы барлық желі бойынша жіберуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауа райы жағдайына немесе басқа да себептерге байланысты үзіліс болған жағдайда теңіз терминалының толық резервуарлы паркінен мұнайды үш жылжымалы айлақтық құрылғысынан бір мезгілде жедел айдауға болады. Жоба 2025 жылдың 16 шілдесінде аяқталуы тиіс», –  деп атап өтті консорциум.

Қазіргі уақытта КҚК бір мезгілде екі жылжымалы айлақтық құрылғысын пайдалана алады. 2023 жылы консорциум 63,47 млн ​​тонна мұнайды тасымалдады және жөнелтуді қамтамасыз етті.

Каспий құбыр консорциумы акционерлерінің арасында Қазақстанның үлесі – 20,75%.

Каспий құбыр концорциумы мұнай тиеуді 9 сәуірде уақытша тоқтатқан еді. Теңіз терминалындағы 72 сағаттық жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, Новороссийскіге қайтадан мұнай жөнелте бастады.

Былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев  Shell концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Каспий құбыр консорциумының мұнай жөнелту мүмкіндігін жылына 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.