Әзербайжан мен Армения елдерінің Сыртқы істер министрлігі Алматыдағы келіссөздері екі күнге созылады. Бұл жайлы Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов айтты.
СІМ өкілі екі жақты келіссөздердің нәтижелі болатынына сенім білдіріп, Қазақстанға алғысын білдірді.
«Әзербайжан келіссөздерге дайын. Екі күнге созылатын келіссөздердің жақсы аяқталатынына сенімдіміз. Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік процесін ілгерілету бағытындағы қолдауы мен белсенділігі үшін Қазақстан тарапына алғыс білдіремін. Бүгінгі келіссөздер осы процеске өз үлесін қосатынына сенімдімін»,– деді ол.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, екі ел арасындағы бейбіт келіссөздер басталған. Кездесуге Армениянының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамов келген. Екі ел өкілін Қзақастан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қарсы алып, әрқайсысымен жеке-жеке кездесу өткізген.
Әзербайжан тарапымен кездесу барысында қазақ-әзербайжан стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқыланып, тараптар өңірдегі ағымдағы ахуал бойынша пікір алмасқан.
Ал Армения өкілімен кездесу барысында екі ел өкілдері Қазақстан мен Армения арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың даму динамикасына оң баға берген. Сонымен бірге Қазақстан Президентінің Ереванға сәуірдегі сапары барысында көтерілген мәселелер жөнінде талқыланған. Кездесу аясында өңірлік экономикалық және көліктік өзара байланысты дамыту мәселелері қозғалған.
Тараптар 1991 жылғы Алматы декларациясының Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды реттеу, оның ішінде шекараны делимитациялау процесінде маңыздылығына тоқталған. Осы орайда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің Алматы қаласындағы кездесуінің символдық сипаты бар екенін атап өткен.
Айта кетсек, тараптар «Бейбітшілік және мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы» келісімді талқылайды. Бұл екі ел өкілдерінің бұл мәселеге қатысты бірінші кездесуі емес. Мұның алдында дәл осы мәселе бойынша тараптар Берлинде кездескен. Бірақ ол келіссөздер еш нәтиже бермеген.
Бұл келісім Таулы Қарабақтағы ұзақ мерзімді қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік бермек.
Еске сала кетсек, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнағанын қаламайтындар бар екені жасырын емес деп мәлімдеді.
Осыған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікке қатысты кез келген істе арағайын болуға дайын екендігін айтқан. Ол сонымен бірге Әзірбайжан мен Арменияның Алматыдағы кездесуі кезінде Қазақстанның делдалдық қызмет атқармайтынын жеткізді.
«Біз тек good office деп аталатын ізгі ниет қызметін көрсетеміз»,- деп мәлімдеді Смадияров.
Айта кетейік бүгінде екі ел арасында жағдай шиеленісіп тұр. Былтыр Армения билігі Әзірбайжанға қарсы БҰҰ сотына шағым түсірді. Ереван Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Әзірбаййжанды «нәсілдік кемсітуге» барды деп айыптады. Ереван билігі халықаралық ұйым саясатының асында Әзірбайжанға қатаң талап қоюды ұсынды.