Германияның оңтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан пойыз рельстен шығып кетті. Су тасқыны қаупіне байланысты қалааралық пойыздар қатынасы тоқтады.
Жексенбі күні нөсер жаңбырдан кейін Дунай өзені мен оның салаларында су көтерілді. Баварияның он коммунасында табиғи апат жарияланды. Әсіресе, Аугсбург округіндегі тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр. Билік 2 маусым күні, таңертең, Кюленталь и Алльманнсхофен тұрғындарына тездетіп көшуді ұсынды. Дунай тармағы – Шмуттер жағасында орналасқан округтерге де ескерту жасады.
Бавария астанасында қауіптің 2-деңгейі жарияланды. Германияның техникалық көмек қызметі су басқан аудандарды тасқыннан қорғау үшін мыңдаған қап дайындады.
1 маусымда Швебиш-Гмюнд қаласында болған су тасқыны темір жол қатынасын үзіп тастады. Жүрдек пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетті және бір автокөлік қирады. Бірақ жолаушылар зардап шекпеген. Штутгарт пен Мюнхен қалалары бойынша пойыз қатынасы тоқтады.
Неміс метеорология қызметі солтүстіктен оңтүстікке қарай ауыр бұлттар көшкіні келе жатқанын, соның салдарынан нөсер жаңбыр Баден-Вюртемберг пен Бавария қалаларына да қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.