S&P Global агенттігі Freedom Holding Corp. еншілес ұйымдарының рейтингін қайта қарап, екі сатыға көтерді
S&P рейтингтік агенттігі Freedom Holding Corp. еншілес ұйымдары «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Еurope Ltd., Freedom Finance Global PLC және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ рейтингін «В/В» деңгейінде қалдырып, болжамын екі деңгейге – «оңға» дейін көтерді.
Freedom Holding Cor. рейтингі «В-» деңгейінде расталды, болжам тұрақты.
S&P Қазақстандағы экономикалық тәуекелдердің азайғанын және банктік қадағалаудың күшеюін атап өтті. Бұл холдингтің несиелік қабілетіне оң әсер етеді.
S&P сарапшылары Freedom 2024-2025 жылдары қомақты кірісін сақтап қалады деп болжап отыр.
«Бұған Қазақстандағы банктік және сақтандыру қызметінің көлемін ұлғайту арқылы кірістерді әртараптандыру ықпал етеді», – деп жазылған хабарламада.
Агенттік сәйкестікті жақсартуды, тәуекелдерді басқару және құқықтық мәселелер бойынша топ-менеджерлер командасын нығайтуды және директорлар кеңесінің құрамын халықаралық тәжірибесі бар сарапшылармен кеңейтуді атап көрсетеді.
«Егер холдинг тәуекелдерді басқарудың жалпы жүйесін сәтті дамытуды, сәйкестікті жақсартуды және жоғары кіріс көрсеткіштерін сақтауды жалғастырса, Freedom рейтингтері көтерілуі мүмкін», – деп хабарлады компания.
Еске сала кетсек, Freedom Bank-тің өсу әлеуеті жоғары. Ол алдағы уақытта 4 есе өсім көрсетуі ықтимал. Бұл туралы Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов 2024 қаржы жылы есебінің таныстырылымында айтты.
Freedom Holding Corp. 2023 жылдың IV тоқсандағы түсімі екі есе өсіп, 418,6 млн долларды құрады.