KASE мен AIX-ті біріктіру мәселесі уақытша тоқтатылды – Ұлттық банк

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
KASE мен AIX биржаларын
KASE мен AIX биржаларын біріктіруге Ресейдегі жағдай әсер етті / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мәскеу биржасына қарсы санкцияларға байланысты KASE және AIX биржаларын біріктіру мәселесі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы базалық мөлшерлемеге қатысты брифинг барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«KASE мен АХҚО әлеуетін біріктіруге келетін болсақ, белгілі себептермен KASE акционерлерінің бірі санкцияларға ұшырады. Акционерлердің бірінің санкцияға ұшырау фактісіне сүйене отырып, бұл іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан биржаларды біріктіру мәселесі уақытша тоқтатылды», – деді реттеуші басшысы.

Ұлттық банк төрағасы Мәскеу биржасынан акцияларды сатып алу туралы ақпарат берді.

«Иә, мұндай әңгіме қозғалды. KASE халықаралық қызметін жалғастырғысы келеді. Әртүрлі серіктестермен байланыс орнатуға тырысуда. Бұл ретте екінші дәрежелі санкциялардың тәуекелдері биржаға қатысты болмауы маңызды. Алайда санкцияға ұшыраған акционерлердің бірі бұл жұмысты жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Сондықтан осындай бұл келіссөздер басталды», – деді Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында KASE мен AIX-ті біріктіру мәселесін пысықтауды тапсырды. Ол салыстырмалы түрде шағын қор нарығында бірден екі сауда алаңының болуы артық екенін және биржалар бір-бірінің функцияларын қайталайтынын айтты.

2024 жылғы сәуірдің ортасында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов келесі жылға дейін AIX және KASE биржалары біріктірілетінін айтқан. AIX пен KASE біріктіру схемасы 2024 жылдың наурыз айында ұсынылатыны бұрын хабарланған болатын. 

2024 жылғы 12 маусымда Мәскеу биржасы мен оның құрамындағы Ұлттық клиринг орталығы АҚШ-тың санкциясымен бұғатталды. Кейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Мәскеу биржасына (MOEX) салынған санкция Қазақстанға еш әсер етпейтінін айтты.

«Қазақстан қор биржасы (KASE) үшін ештеңе өзгермейді деген ойдамыз. Өйткені қазіргі кезде MOEX үлесі 13%-ды құрайды [MOEX биржасы KASE акцияларының 13,1%-ын иеленеді]. Санкция акциялардың 50 және одан да жоғары пайызын иеленген тұлғаларға қолданылады», – деді Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыз